Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Осы редакция 25.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - мамандандырылған кеңестер) құрылсын:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(17.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008. № 1048 Қаулысымен)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(17.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008. № 1048 Қаулысымен)
3) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес;
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(12.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(алынып тасталды - 21.11.2008. № 1080 Қаулысымен)
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(17.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008. № 1048 Қаулысымен 1-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008. № 1048 Қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған:
1) мамандандырылған кеңестер туралы ереже;
2) мамандандырылған кеңестердің құрамдары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
2. Кеңестер "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) қызметінің негіз қалаушы мақсаттары мен міндеттері жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008. № 1048, 21.11.2008. № 1080 Қаулысымен. (17.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестердің міндеттері
4. Кеңестердің міндеттері:
1) қоғамдарды басқару мен дамытудың негіз қалаушы мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) қоғамдардың мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуі жөніндегі қызметіне бағалау жүргізу болып табылады.
5. Кеңестер міндеттерді шешу үшін:
1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттарды, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерімді айқындау;
2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер;
3) қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттер;
4) дивидендтер төлеу деңгейі, қоғамдардың таза кірісін бөлу және қайта инвестициялау;
5) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бағытталатын қаржы қаражатының орта мерзімді (үш жыл) көлемі;
6) қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі мәселелерді қарайды.
3. Кеңестердің құқықтары
6. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) кеңестердің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай қоғамдарды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестердің қызметін ұйымдастыру
7. Кеңестерді төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе оның орынбасары басқарады. Кеңестердің төрағасы:
1) кеңестердің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) кеңестер отырыстарының Жоспар-кестесін бекітеді;
3) қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
5) кеңестер шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2007. № 829 Қаулысымен. (07.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Кеңестердің хатшылары:
1) кеңестер отырыстарының күн тәртібі бойынша материалдар дайындайды;
2) ай сайын хаттамалық шешімдердің орындалуына талдау жүргізеді;