Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 829 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 829 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самұрық" холдингі" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 4-бөлімде:
үшінші абзацта:
"басшыларының орынбасарлары", "атқарушы директоры" деген сөздер "бірінші басшылары", "басқарма төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қаржы" деген сөзден кейін ", Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(2-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен)
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазына" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзацта:
"басшыларының орынбасарлары" деген сөздер "бірінші басшылары", деген сөздермен ауыстырылсын;
"Индустрия және сауда" деген сөздерден кейін ", Қаржы" деген сөзбен толықтырылсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен)
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзацтағы "(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Yкіметінің 18.04.2014 жылғы № 377 Қаулысымен (21.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
"Кеңестердің қызметін ұйымдастыру" деген 4-бөлімде:
7-тармақта "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "немесе оның орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" мына:
"Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сауат Мұхаметбайұлы жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі";
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі мына:
"Оспанов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы министрлігі Аграрлық саясат және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы департаментінің директоры, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оспанов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы және аграрлық ғылым департаментінің директоры, хатшы";
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын;
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5) тармақшасының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және Бердібек Машбекұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі;
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самғау" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самғау" холдингі" АҚ-ның басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
төртінші абзацтағы "өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(9-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен)