Toggle Dropdown
1
"Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 430 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 12.09.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1
2002 жылғы 26 тамыз - 4 қыркүйекте Йоханнесбург қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) өткізілетін "Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне тиімді дайындалу және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. "Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Комиссияның құрамы;
Toggle Dropdown
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 430 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
"Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Toggle Dropdown
Toқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Toggle Dropdown
Қасымжомарт Кемелұлы iстер министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Самақова - Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Айткүл Байғазықызы Қоршаған ортаны қорғау министрi, орынбасар;
Toggle Dropdown
Исекешов - Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi;
Toggle Dropdown
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Toggle Dropdown
Жақып Қажманұлы вице-министрi;
Toggle Dropdown
Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Toggle Dropdown
Нұрлан Аделұлы iстер министрлiгi Көпжақты ынтымақтастық департаментiнiң директоры;
Toggle Dropdown
Төлебаев - Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Алмас Қажкенұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Халықаралық ынтымақтастық және мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламалар департаментiнiң директоры;
Toggle Dropdown
Брагин - Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Александр Геннадьевич Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Toggle Dropdown
Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң директоры, хатшы;
Toggle Dropdown
Ермекова - Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Несiпбала Әбсағитқызы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Салалық органдар шығыстарын жоспарлау департаментi директорының орынбасары.
Toggle Dropdown
Төлебаев Алмас Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Toggle Dropdown
Халықаралық ынтымақтастық және мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар департаментінің директоры;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 430 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Рио+10 тұрақты даму жөнiндегi Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзірлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1. Жалпы ереже
Toggle Dropdown
1. Рио+10 тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдердi және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
2. Комиссияның мiндеттерi
Toggle Dropdown
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Рио+10 тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне (бұдан әрi - Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитi) тиiмдi дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу;
Toggle Dropdown
2) Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындыққа және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеуге байланысты іс-шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Комиссияның құқықтары мен өкiлеттiктері
Toggle Dropdown
4. Комиссия белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Yкiметiне 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу және оның пилоттық бағдарламалары мен жобаларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Toggle Dropdown
2) Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитiне Комиссияның құзыретiне жататын қажеттi материалдарды тиiмдi дайындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу үшiн жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құруға;
Toggle Dropdown
3) Комиссияның қарауына жататын мәселелердi шешу үшiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн және комиссияның құрамына енбеген мүдделі ұйымдарды тартуға;
Toggle Dropdown
4) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпараттар мен материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметi
Toggle Dropdown
5. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жүктеледi.
Toggle Dropdown
Комиссияны төраға басқарады.
Toggle Dropdown
Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Комиссия отырыстары қажетiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi.
Toggle Dropdown
Комиссияның шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
Toggle Dropdown
Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Toggle Dropdown
5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
Toggle Dropdown
6. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына:
Toggle Dropdown
1) Комиссия қызметi мерзiмiнiң өтуi;
Toggle Dropdown
2) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
Toggle Dropdown
3) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың немесе өзге де комиссияның құрылуы;
Toggle Dropdown
4) Комиссия мiндетiнiң орындалуын мүмкiн емес ететiн немесе қажетсiз ететiн өзге де жағдайлар негiз болып табылады.
Toggle Dropdown
7. 6-тармақта көрсетiлген мән-жайлар туындаған жағдайда, комиссияның төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға не төрағаның шешімі бойынша Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын Үкіметке енгізеді.
Toggle Dropdown
Осы тармақта көрсетілген тәртіп Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажеттігі жағдайында да қолданылады.