Bestprofi Logo

Қаулы № 39 от 2010-01-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 Қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы мен пайымдауы

Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт

Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85 % білім беру бағдарламаларымен қамтылған. 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30 %-ға жуығы қамтылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының деректері бойынша, Қазақстан 2009 жылы адам дамуының индексі бойынша 82-орынға ие болып, адам әлеуеті дамуының жоғары деңгейлі елдерінің қатарына кірді.

Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай-күйіне Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасындағы туылу үрдісі

#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

Орын алған бала-бақшалар санының төмендеу үрдісіне 2000 жылы түбегейлі өзгеріс жасалды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны жыл сайын өсуде. Соңғы жылдары республикамызда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер санының өсуі байқалуда. 2009 жылы 1 қазанда ол 2000 жылғы 133,2 мың балаға қарағанда 356,0 мың баланы құрап отыр.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие

#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

2009 - 2010 оқу жылында жалпы саны 2486, 3 мың оқушыны қамтыған 7576 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың ішінде 4288 мектеп - шағын кешенді мектептер (40 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын бастауыш мектеп, 100 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын негізгі мектеп және 280 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын орта мектеп).

Қазақстан Республикасында 866 техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі - ТжКБ) оқу орны жұмыс жасайды, оның ішінде 324-і кәсіптік лицей, 542-сі колледж. Олардың 171 ТжКБ оқу орындары (немесе 19,7 %) ауылдық жерде орналасқан, оның ішінде 137 кәсіптік лицей мен 34 колледж.

ТжКБ оқу орындарында 610,4 мың адам білім алады, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 194,4 мың адам (немесе 31,8 %).

Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының артық желісі 2007 - 2008 жылдары 176-дан 144-ке дейін қысқарды.

Білім және ғылымды дамыту үшін мынадай стратегиялық құжаттар қабылданды:

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші шақырылымының III сессиясының ашылымында берген тапсырмасын және Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңестің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 01-7.12 хаттамасының 1.2 тармағын орындау үшін «Ғылым туралы» жаңа Қазақстан Республикасының Заңы әзірленуде.

Білім беру құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкес келтірілді. 12 жылдық мектепті енгізу үшін жағдай жасалынып жатыр. Техникалық және кәсіптік білім беру қайта құрылды. Мамандарды даярлаудың үш деңгейі енгізілді: бакалавр - магистр - PH.D докторы. 2009 жылы мамандықтардың үлкейтілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Оған тәуелсіз сырттан бағалаудың бүкіл элементтері кіреді (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу және басқалары).

Республиканың барлық өңірлерінде білім сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу басталды.

Ғылымның дамуы 6 басым бағытқа шоғырланған: нанотехнологиялар мен жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және тау-кен-металлургиялық секторларға арналған технологиялар және олармен байланысты сервистік салалар; ядролық технологиялар және жаңарған энергетика технологиялары; ақпараттық және ғарыштық технологиялар; ұлттық идея тұрақты дамудың негізі ретінде.

Елдің ірі өңірлік ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары қатарында қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілетін ғылым дамуының басымдықтарына сәйкес келетін сындық технологиялар бойынша ұжымдық пайдаланымдағы 5 ұлттық ғылыми зертхана мен инженерлік бейінді 15 университеттік зертхана құрылды.

Ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында 6 инновациялық-білім беру консорциумы құрылды.

Қазақстан құс тұмауына қарсы меншікті вакцинасы бар 13 елдің бірі болды. 2009 жылы республикада мемлекеттік тапсырыс бойынша құс тұмауына қарсы N5H1 вакцинасын 7,7 млн. дозада шығару басталды.

Қазақстан Республикасы A/N1H1 тұмауына қарсы сапасы дүниежүзілік әлемдік баламалар қатарындағы инабелсенді технологияны әзірлеген 5-інші мемлекет болып табылады. Технология NIBRG-121хр рекомбинантты штамм негізінде Refiuvac атауымен әзірленді және қазіргі уақытта оның клиникалыққа дейінгі сынағы табысты аяқталуда. Әзірлеушілердің болжауынша, вакцинаның бағасы шетелдік баламаға қарағанда шамамен 40-50 пайызға арзан болады.

Ғылыми ұйымдар желісі кеңеюде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекет тарихы институты құрылды.

Жүргізілген зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы көрсеткіштерінің бірі елдегі патенттеу және жалпы басылымдардың мүмкіндігі мен деңгейі болып табылады.

1 млн. тұрғынға берілген патенттік өтінімдер саны

#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

Тек соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жаратылыстану-ғылыми бейіндегі ғылыми ұйымдары 281 патентке ие болды, халықаралық басылымдарда 754 мақала, халықаралық конференция еңбектерінің жинақтарындағы баяндамалардың 1957 тезисі жарияланды.

2009 жылы Қазақстан Республикасы ғалымдарының шетел басылымдарындағы үлесі бүкіл әлемдік ағынында 0,018 %-ға тең, бұл орта әлемдік деңгейге сәйкес келеді.

Қазақстан ғалымдарының жұмыстарын үлгі етіп алудың 2001 жылдан бері 3 есеге артқан тұрақты өсуі байқалуда. Бұл ғылыми зерттеулердің өзектілігін және қазақстан ғылымына деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Біз 10 000 ғалымға шаққандағы патенттер саны бойынша да орта әлемдік деңгейге жетуге жақынбыз. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің жақсаруына елдің ғылыми-техникалық саласын басқарудың жаңа үлгісін іске асыру нәтижелері ықпал етті.

Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 2008 жылы ғылыми ұйымдар 33 патентке, 173 алдына ала патентке ие болды, қорғаныс құжатын алу үшін 84 өтініш берілді, 77 монография, 3287 жарияланым, оның ішінде 516 халықаралық басылымдарда 230 жинақ (кітаптар, брошюралар) шығарылды.

Республикамыздың барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қорғау органдары жұмыс істейді. Балалар үйлеріндегі балалар санын азайту, қадағалаусыз және қорғансыз қалған балалардың пайызын төмендету, жасөспірімдер үйлерінің желісін кеңейту жолымен балалар үйлері түлектерінің тұрғын үй проблемаларын шешу үшін жағдай жасалған.

Жастар саясаты белсенді іске асырылуда. Жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз етуге танылған мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының қажетті құқықтық негізі қаланды. Жыл сайын қоғамдық іс-шаралар мен патриоттық акциялардың, студенттік құрылыс жасақтарының және «Жасыл ел» жасақтары сарбаздарының, іске асырылған әлеуметтік маңызды жобалардың саны артуда. Қазақстан студенттерінің альянсы 50 мың адамды біріктіреді. Жастар ұйымдарының саны 700-ден асады, олардың қызметіне елдің 1,2 млн. астам жасы қатысады.

Мектептерді компьютерлендіру аяқталды. 1 компьютерге 20 оқушыдан, ауыл мектептерінде 1 компьютерге 18 оқушыдан келетін арақатынасқа қол жеткізілді. Мектептердің 98 %-ы Интернет желісіне қосылды. Мектептердің 98 %-ы, ауыл мектептердің - 97 %-ы телефон желісіне тартылды. Қазақстандық білім беру порталы (www.eduport.kz) тәжірибелік пайдалануға берілді. 2011 - 2016 ж.ж. электронды оқу жүйесін құруға техно-экономикалық негіздеме әзірленді.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түйінді бастамашыл жобалардың бірі «Нұрсұлтан Назарбаевтың 20 Интеллектуалды мектебі» жобасы болып табылады. Аталған мектептер балабақшалар, мектепалды топтар, 12 жылдық оқытудың білім беру бағдарламалары үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және сынақтан өткізу бойынша бастапқы алаңдар болып табылады. Аталған бағдарламалар Қазақстандық білім берудің үздік дәстүрлерінің әлемдік педагогикалық практиканың алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен үндесетін, физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы пәндерді бейімдеуді қайта қарайтын, көптілді ортаны қалыптастыруға ықпал ететін болады. Бір мектепте халықаралық бакалавриаттың принциптері мен философиясына сәйкес бағдарламалар енгізілетін және авторландырылатын болады. 2014 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 20 мектеп жұмыс жасайтын болады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание