• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020 г

Отправить по почте

"Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 1139 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) жергілікті қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестері) құнынан пайыздық қамту;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жетімділік нүктесін беретін мемлекеттік ақпараттық жүйе (www.goszakup.gov.kz);
4) отандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер – Қазақстан Республикасының жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
5) отандық кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
6) отандық тауар өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және мыналарды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру, әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 5-тармағында санамаланған, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 7-тармағында белгіленген жеткілікті түрде өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті түрде қайта өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі – отандық тауар өндірушілер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
8) сатып алу – тапсырыс берушілердің мыналарды:
еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын қызметтерді сатып алуды;
жарналарды (салымдарды), оның ішінде құрылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;
заңды тұлғалар жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банктік операцияларды жүргізуге қаржы қызметтерін сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің осы Үлгі ережеде, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақылы негізде сатып алу;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алу;
теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеу;
іссапар шығыстарына өтемақы төлеу;
басқару органының бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
«Астана қаласында Жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы» корпоративтік қорының демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен Астана қаласында жаңа мешіт салу құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің қызметтерді сатып алуы;
отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу;
9) сатып алуды ұйымдастырушы - сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші анықтаған заңды тұлға;
10) стратегиялық әріптестер – тапсырыс беруші айқындайтын ұйым, оның ішінде қажетті ресурстарға (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ие және мынадай:
қазіргі заманғы әдіснамалар мен жаңа технологияларды білім беруге енгізу;
білім берудің инновациялық мазмұны мен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
білім беру қызметі мен оның нәтижелеріне, оның ішінде оқытудың сапасына және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне мониторингті, сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
білім беру қызметінің сапасын, балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеудің аспаптары мен технологияларын бақылау мен бағалау құралдарын әзірлеу және енгізу;
оқыту үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар шетелдік ұйым;
11) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры – жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты қалыптастыратын және жүргізетін отандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;
12) технологиялық меморандум – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен жасасатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін және кепілдендірілген мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайтын келісім;
13) кепілдендірілген тапсырыс – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы;
14) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар.»;
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сатып алуда жергілікті қамтуды ұлғайтуды;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тапсырыс берушi сатып алу жоспарын бекiткен күнінен бастан бес жұмыс күнi iшiнде, сондай-ақ сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратты орналастырады.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бір көзден сатып алу;»:
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кепілдендірілген тапсырыс.».
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу ережесін әзірлеу кезінде белгілейді.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс берушілер:
1) тендерге қатысушыларға берілетін тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы – тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) бағаларын шартты түрде азайту жөніндегі талаптарды көздейді;
2) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) өтінімдерін қарау және тендердің жеңімпазын таңдау кезінде бағаны шартты түрде азайтуды қолданады;
3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жергілікті өндірушілерге (отандық тауар өндірушілерге және жұмыстар мен қызметтерді берушілерге) артықшылық береді.
Тапсырыс берушілер сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.
Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.
Сатып алу қағидалары осы Үлгi ереженiң 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын сатып алудың жүзеге асырылуы және сатып алу қорытындылары туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында міндетті түрде орналастыру туралы талаптарды қамтуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 18-1, 19-1-тармақтармен толықтырылсын:
«18-1. Кепілдендірілген тапсырыс тәсілімен сатып алу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар (бұдан әрі – кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші) арасында технологиялық меморандум жасалған жағдайда жүзеге асырылады.»;
«19-1. Кепілдендірілген тапсырысты тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті берушілердің барлығының арасында кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастыру арқылы мынадай тәртіппен орналастырады:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар арасында жасалған технологиялық меморандумда айқындалған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер арасында кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жариялайды;
2) кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жүргізеді және олардың өндірістік қуатын есепке ала отырып, бір немесе бірнеше әлеуетті өнім берушілері айқындайды;
3) өткізілген сатып алу негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші өндірісті ұйымдастыру және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің осы шартта көрсетілген техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізу бойынша әлеуетті өнім берушімен (лермен) (бұдан әрі – өнім беруші) кемінде үш жыл мерзімге кепілдендірілген тапсырыс шартын (тарын) жасасады;
4) өнім беруші (лер) кепілдендірілген тапсырыс шартының талаптарына сәйкес шартта көрсетілген мерзімде тауар өндіруді ұйымдастырады және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізеді.».
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Үлгі ережеге
 1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
 
Тапсырыс берушінің БСН Тапсырыс берушінің СТН Тапсырыс берушінің атауы СЭҚ ӨН коды (9 белгі) Сатып алынатын ТЖК атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы
Мемлекеттік тілде орыс тілінде Мемлекеттік-тілде орыс тілінде
1 2 3 4 5 6 7




Тауарлар





Жұмыстар





Көрсетілетін қызметтер

кестенің жалғасы
 
Өлшем бірліктерінің коды (СЭҚ ӨН сәйкес) Заттай мәнде сатып алу көлемі Жоспарланатын сатып алу сомасы, теңге Сатып алу тәсілі Сатып алуды өткізу орны (ӘАОК сәйкес елді мекен коды) Сатып алуды өткізу мерзімі Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі Сатып-алу жоспарының жылы
8 9 10 11 12 13 14 15
























Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру жолдар бойынша, мынадай тәртіппен әрбір тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша жеке жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. 9 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы бойынша тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.100).
6-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) мемлекеттiк тiлде көрсетiледi.
7-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) орыс тілінде көрсетiледi.
8-баған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (5-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
9-баған. 8-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес табиғи шамада саны (сатып алу көлемі) көрсетіледі.
10-баған. Жоспарланатын сатып алу сомасы көрсетіледі, теңге. 
11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
12-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу орнының, елді мекенінің коды көрсетіледі.
13-баған. Сатып алуды өткізудің жоспарланатын мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
14-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
15-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
Ескертпе:
1. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
2. Ақпараттар электрондық түрде,.xls форматында (Microsoft Excel 2003) не мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы ұсынылады.
Үлгі ережеге
 2-қосымша
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат, № 1 кесте
 
Тапсырыс берушінің БСН Тапсырыс берушінің СТН Тапсырыс берушінің атауы Тапсырыс беруші өңірінің коды (ӘАОК сәйкес) Шарт № Сатып алу тәсілі Шарт жасасу күні (кк.аа.жжжж.)
мемлекеттік тілде орыс тілінде
1 2 3 4 5 6 7 8
















кестенің жалғасы
 
Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні Шарт бойынша есепті кезеңде іс жүзінде төленген сома, теңге Шарттың жалпы сомасы, теңге Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы, теңге Өнім берушінің атауы өнім берушінің БСН (ЖСН)
мемлекеттік тілде орыс тілінде
9 10 11 12 13 14 15














кестенің жалғасы
 
Өнім берушінің СТН Өнім беруші елінің коды Өнім беруші өңірінің коды (ӘАОК сәйкес елді мекен коды) Өнім берушінің заңды мекенжайы Шарт мәртебесі
мемлекеттік тілде орыс тілінде
16 17 18 19 20 21












Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта (№ 1 кесте) ақпаратты толтыру мынадай тәртіппен әр жол бойынша әрбір жасалған шарт туралы есепті кезеңде жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тапсырыс берушінің заңды тіркелген елді мекенінің коды көрсетіледі.
6-баған. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынған шарттың нөмірі көрсетіледі.
7-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
8-баған. Шарт жасасу күні көрсетіледі (мысалы: 30.07.2012).
9-баған. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі (мысалы: 31.12.2012).
10-баған. Шарт бойынша есепті кезеңде іс жүзінде төленген сома көрсетіледі, теңге.
11-баған. Шарттың жалпы сомасы көрсетіледі, теңге (мысалы: 100,00).
12-баған. Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы көрсетіледі, теңге (ақпараттың түсу шамасына қарай толтырылады).
13-баған. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі (өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
14-баған. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
15-баған. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).
16-баған. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, толтырылмайды).
17-баған. Елдердің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өнім беруші елінің коды көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі).
18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес өнім берушінің заңды тіркелген елді мекенінің коды көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
19-баған. Өнім берушінің заңды мекенжайы: мемлекеттік тілде елді мекен, көше, үй, кеңсе көрсетіледі.
20-баған. Өнім берушінің заңды мекенжайы: орыс тілінде елді мекен, көше, үй, кеңсе көрсетіледі.
21-баған. Шарттың мәртебесінің жіктеуішіне сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі (төменде қараңыз).
Ескертпе:
1. Шарттардың мәртебесінің жіктеуішіне: 
 
жіктеуіш коды Атауы
0 Жасалды
1 Орындалды
2 Бұзылды
2. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
3. Ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы беріледі.
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат, № 2 кесте
 
Шарттың № Тапсырыс берушінің БСН Тапсырыс берушінің СТН СЭҚ ӨН коды (9 белгі)
1 2 3 4



Тауарлар



Жұмыстар



Көрсетілетін қызметтер
кестенің жалғасы
 
Сатып алынған ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы Өлшем бірліктерінің коды (СЭҚ ӨН сәйкес) Сатып алу көлемі
мемлекеттік тілде орыс тілінде заттай мәнде құндық мәнде, теңге
5 6 7 8 9










кестенің жалғасы
 
Жоспарланатын сатып алу көлемі
заттай мәнде құндық мәнде, теңге
10 11




Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта (№ 2 кесте) ақпаратты толтыру жолдар бойынша, бір шарт шеңберінде сатып алынған әрбір тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызмет бойынша жеке мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынған шарт нөмірі көрсетіледі.
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
3-баған. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
4-баған. 9 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы бойынша тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.100).
5-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) мемлекеттiк тiлде көрсетiледi.
6-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) орыс тілінде көрсетiледi.
7-баған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (4-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
8-баған. 7-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәндегі саны (сатып алу көлемі) көрсетіледі.
9-баған. Теңгемен құндық шамада сатып алу көлемі көрсетіледі.
10-баған. 7-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәндегі жоспарланатын сатып алу көлемі көрсетіледі.
11-баған. Теңгемен құндық мәнде жоспарланған сатып алу көлемі көрсетіледі.
Ескертпе:
1. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
2. Ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы беріледі.