"Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 31 желтоқсанда № 6718 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 9-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4376 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысаны мындай мазмұндағы 8 және 9-бағандармен толықтырылсын:
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Әділет Министрі Р. Түсіпбеков