• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2011 г

Отправить по почте

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5643 болып енгізілді.

Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 18.08.2011 № 2-НП бұйрығымен (28.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 28.11.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін. 
2. Мыналардың: 
1) "Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысының (2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4415 болып енгізілді); 
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысының (2008 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5124 болып енгізілді) күші жойылды деп танылсын. 
3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға                                     О. Өксікбаев
Республикалық бюджеттің
 атқарылуын бақылау жөніндегі
 есеп комитетінің
 2009 жылғы 27 наурыздағы
 N 4 қаулысымен
 бекітілген
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге, Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес әзірленген. 
2. Ереже сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, оның қорытындысы бойынша шешім шығару және бақылаудың қорытындысы бойынша бақылау материалдарының сапасына талдау жүргізу, оларды есепке алу, олардың есептілігі, орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.
2-тармақ өзгертілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ қаулысымен (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі – бақылау) бюджеттің тиісті деңгейіне қарай мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) мен жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – бақылау органы) жүзеге асырады. 
4. Бақылау қаржылық бұзушылықтарды анықтау, жою және олардың алдын алу мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк және бюджеттiк бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының атқарылуын, бюджет процесiне қатысушылардың, оның ішінде квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, сондай-ақ басқа да бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, бюджеттiк инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi – бақылау объектiлерi) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңдарын сақтауын мониторингі жүргізу, салыстыру, бағалау және талдау жүйесiн бiлдiредi.
Бұл ретте квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi деп мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлік қоғамдар, соның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, олармен аффилиирленген еншілес, бағынысты және өзге де заңды тұлғалар ұғынылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Бақылау жүргізуге тартылған Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың басшылары, Есеп комитетінің, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың аппараттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар осы Ережені басшылыққа алады.
2. Бақылаудың үлгілері мен түрлері
6. Бақылау үлгілері: 
1) сәйкестікке бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау; 
2) қаржылық есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау; 
3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
6-тармақ өзгертілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ қаулысымен (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Бақылау түрлері: 
1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау; 
2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау; 
3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы; 
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
7-тармақ өзгертілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ қаулысымен (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Бақылау туралы жалпы мәліметтер
8. Бақылау кезінде мынадай: 
1) тәуелсіздік; 
2) объективтілік; 
3) анықтық; 
4) ашықтық; 
5) құзыреттілік; 
6) жариялылық принциптері басшылыққа алынады. 
9. Бақылау органының стратегиялық, операциялық, жылдық және тоқсандық жоспарлары негізінде бақылау жүргізіледі. 
Қазақстан Республикасы Президентінің және ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі адамдарының тапсырмалары бойынша бақылау Есеп комитетінің тоқсандық жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу облыстық мәслихаттар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары депутаттарының сауалдары келіп түскен кезде жүргізіледі.
9-тармақ өзгертілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ қаулысымен (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Бақылау органының стратегиялық, операциялық жоспарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары бақылау органының ішкі регламентіне сәйкес әзірленіп, бекітіледі.
10-тармақ өзгертілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ қаулысымен (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Бақылау органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өкілеттігі шегінде бақылауды жүзеге асырады. 
12. Бақылау іс-шарасын жалпы ұйымдастыруды оны жүргізуге жауапты лауазымды тұлға жүзеге асырады. 
13. Бақылау органдары мемлекеттік органдармен, басқа бақылау органдарымен, сондай-ақ шет елдердің қаржылық бақылау органдарымен бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізе алады. 
14. Бақылау жүргізу кезінде Есеп комитеті жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органының, сондай-ақ облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің (бұдан әрі – ішкі бақылау қызметтері) Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. 
15. Бақылау рәсімі жоспарлаудан, жүргізуден, оның қорытындысы бойынша қабылданған нәтижелерін ресімдеуден тұрады.
4. Бақылауды жоспарлау тәртібі
16. Жоспарлау бақылаудың бастапқы кезеңі болып табылады, осы кезеңде бақылауға жататын бақылау объектісінің жұмыс істеуінің және қызметінің аспектілерін, бағдарламалардың іске асырылуын және сыртқы мемлекеттік бақылау органдарының құзыретіне кіретін (бақылау үлгісі мен түрін, бақылау объектісін, бақылау қамтитын кезеңді, бюджет қаражатының, түсімдердің, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің, бюджеттік инвестициялардың көлемін, бақылау жүргізу мерзімін, бақылау объектілерінің санын таңдау, тәуекелдерді басқаруды ескере отырып еңбекті қажетсінуі және толыққанды бақылауды жүзеге асыруға қажетті басқа да ресурстар) басқа да мәселелерді зерделеу жүргізіледі.
16-тармақ өзгертілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ қаулысымен (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Бақылауды жоспарлау кезінде кешенділік, үздіксіздік, оңтайлылық, атаулылық өлшемдерін басшылыққа алу қажет: 
1) жоспарлау кешенділігі – бақылау объектісін бастапқы зерделеуден бастап, бақылау бағдарламасын жасағанға дейінгі жоспарлаудың барлық кезеңдерінің өзара байланыстылығы мен келісе жүргізілуі; 
2) жоспарлаудың үздіксіздігі – бақылауды жүзеге асыратын бақылау органының қызметкерлеріне, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарына және сарапшыларға берілетін тапсырмалардың кезеңдері мен мерзімдері бойынша өзара байланысты болуын белгілеу;