• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 11.01.2002 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 тамыз N 1031
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне 
енгiзiлген қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.
     
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары
және Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi
бөлу туралы" 1995 жылғы 8 тамыздағы N 1103  

 
  қаулысының күшi 
жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                          1996 жылғы 20 тамыздағы
                                              N 1031 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
                шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер
     1.

      1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23.
              N 877 қаулысымен.  

 
 
     2.

      2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 203
              қаулысымен.  

 
 
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу,тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауарлардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы N 889  қаулысымен бекiтiлген Өнер табыстарын, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауарлардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеу тәртiбi мен мөлшерiнiң 1-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 605-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын. 
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу хаупi төнген аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 30 қазандағы N 925  қаулысының 2-тармағындағы, 4-тармағының алтыншы абзацындағы, 5-тармағының бiрiншi абзацындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссияның" сөздерi осыған сәйкес "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң" сөздерiмен ауыстырылсын. 
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнер табыстарына, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерiне және қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiн бекiту туралы" 1992 жылғы 11 қарашадағы N 949  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 647-бап): 
3-тармағының екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын. 
Жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнер табыстарына, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiндегi "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын. 
6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Апаттық-құтқару қызметiн құру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 19 наурыздағы N 222  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., N 8, 102-бап) 6 және 11-тармақтарындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияға" сөздерi "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын. 
7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1993 жылғы 6 сәуiрдегi N 266  қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртiбi мен мөлшерiнiң екiншi абзацындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 11, 134-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын. 
8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 16 сәуiрдегi N 315  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 159-бап). 
2-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссия" сөздерi "Мемлекеттiк комитет" сөздерiмен ауыстырылсын; 
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереженiң 2-тармағындағы, 3-тармағының бiрiншi абзацындағы, 9-тармағының екiншi абзацындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияның" сөздерi "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң" сөздерiмен ауыстырылсын. 
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiмiн бекiту туралы" 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж, N 21, 262-бап) бекiтiлген қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiмiндегi 23-тармақтағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын. 
10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстарын қоса отырып және мемлекеттiк резервте сақталатын өнiмдi халық шаруашылығының мүддесiнде пайдалану туралы" 1993 жылғы 5 тамыздағы N 674  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 31. 366-бап) 2-тармағындағы бiрiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын. 
11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 2 қыркүйектегi N 773 p930773_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, N 34, 398-бап): 
4-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне" сөздерiмен ауыстырылсын. 
аталған қаулымен бекiтiлген Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы Ереженiң 5-тармағының екiншi абзацындағы, 14-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiмен" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетiмен" сөздерiмен ауыстырылсын. 
12. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 27 қазандағы N 1066  қаулысымен бекiтiлген Дипломатиялық паспорт берiлетiн лауазымды адамдардың тiзiмiндегi "Мемлекеттiк комиссия" сөздерi "Мемлекеттiк комитет" сөздерiмен ауыстырылсын. 
13. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешенiн дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 1993 жылғы 22 қарашадағы N 1166  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 45, 541-бап) 24-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссияға" сөздерi "Мемлекеттiк комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын. 
14.  
#$14-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 28.04.1997. № 672
       қаулысымен.  
15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда әйелдер үшiн жол берiлер салмақ шегiнiң жаңа нормалары туралы" 1994 жылғы 20 қаңтардағы N 89  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 5, 46-бап) 2-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын. 
16.  
#$16-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 27.04.1999. № 482
       қаулысымен.  
17. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi туралы" 1994 жылғы 25 наурыздағы N 298  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 15, 146-бап) 2-тармағындағы, 3-тармағының үшiншi абзацындағы, 7-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын. 
18. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Ұлттық патенттiк ведомствоның мәселелерi" 1994 жылғы 28 сәуiрдегi N 439  қаулысының атауындағы, 1-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын. 
19. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Архивтердiң Халықаралық Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728  қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 27, 300-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын. 
20. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайлардан сақтандыру және ол жағдайлардағы әрекеттер бойынша ұзақ мерзiмдi бағдарлама туралы" 1994 жылғы 29 қыркүйектегi N 1081  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 39, 435-бап) 1-тармағының үшiншi абзацындағы, 3-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссиямен" деген сөздер "Мемлекеттiк комитетi", "Мемлекеттiк комитетпен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
21. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайлар жөнiндегi Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы N 1159  қаулысымен бекiтiлген, Төтенше жағдайлар жөнiндегi Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру және дамыту тұжырымдамасының мәтiнiндегi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 43, 467-бап) "Мемлекеттiк комиссияның", "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссия" деген сөздер "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң", "Мемлекеттiк комитеттi","Мемлекеттiк комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.