• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 31.07.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1246 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы ереженi бекiту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 2 қыркүйектегi N 773  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 34, 398-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 12 қазандағы N 1320  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 32, 406-құжат); 
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстердiң 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 30 қарашадағы
 N 1246 қаулысымен
 бекiтілген Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi. 
2. Қазақстан Республикасында iшкi бақылауды iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асырады және мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерiнiң қаржылық есептіліктi жасау және беру сенiмділiгi, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, мемлекеттің активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), гранттарды iске асыруынан алынатын ақшаны пайдалану негiзділiгi мен тиiмділігі бөлiгiнде заңнама талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүргiзіледi. 
3. Iшкi бақылау жүргiзу ережесi iшкi бақылау субъектілерi мен объектілерiнің орындауы үшiн мiндетті. 
4. Осы Ережеде мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) бақылау ауқымы - бақылауға жататын мәселелердiң (бюджеттік бағдарламалардың) тiзбесiн, бақылаумен қамту кезеңiн және оның ұзақтығын қамтитын бақылау көлемi; 
2) бақылау объектiлерi - салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке алуға жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, бюджет қаражатын алушылар, гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепілдiк берген қарыздарды пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар; 
3) бақылау субъектілерi - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкілетті орган, iшкi бақылау қызметтерi; 
4) бақылау iс-шарасы (бақылау) - бақылау объектiсiнiң қызметін заңнамаға сәйкестiгі мен жасалған шаруашылық және қаржы операцияларының тиiмділігі, олардың бухгалтерлiк есеп пен есептілікте көрсетiлу дұрыстығы тұрғысынан құжаттамалық және iс жүзiнде тексеру жөнiндегi мiндетті бақылау iс-әрекеттерiнiң жүйесi; 
5) ревизор - бақылау iс-шарасын жүзеге асыратын бақылау субъектiсiнiң қызметкерi, сондай-ақ бақылау iс-шарасына қатысуға тартылатын өзге ұйымның маманы; 
6) тексеру тобы - бақылау iс-шарасына қатысуға тартылған өзге де ұйымдардың мамандарын қоса алғанда бақылау субъектiсiнiң екi және одан көп қызметкерi; 
7) сандық және құндық көрсеткiштердi бұрмалау - мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыру жоспарын жасау кезiнде бюджеттiң шығындарын негізсiз арттыруға (төмендетуге) әкеп соқтыратын жалған деректердi беруi; 
8) аралық акт - кешiктiрмей (жеке) құжаттамалық ресiмдеудi талап ететiн жекелеген мәселелердi тексеру нәтижелерi бойынша жасалатын бақылау актiсi; 
9) тәуекел тобы - бюджет қаражатын, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), гранттарды iске асыруынан түсетiн қаражатты пайдалануда созылған құқық бұзушылықтың басталуы шынайылығы деңгейi бойынша бөлiнген бақылау объектілерiнiң жиынтығы; 
10) бақылаудың жеке бағдарламасы - нақты бақылау объектiсiнiң бақылау iс-шарасын жүргiзу кезiнде тексеруге жататын мәселелердiң тiзбесi. 
5. Осы Ережеде пайдаланылатын басқада ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде анықталатын мағыналарда қолданылады.
2. Iшкi бақылау құрылымы. Iшкi бақылау субъектiлерi мен объектілерi
6. Iшкi бақылау құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады: 
жергілiктi атқарушы органдарды бақылау; 
мемлекеттік мекемелердi бақылау; 
мемлекеттік кәсiпорындарды бақылау; 
гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды бақылау; 
бюджет қаражатын алушыларды бақылау. 
7. Жергілiктi атқарушы органдарды тексеру кезiнде олардың бюджет заңнамасын сақтау мәселелерi бақылауға ұшырайды. 
Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган осы бақылау тобының субъектiсi болып табылады. 
Әкiмдердiң аппараттары және бюджеттiк жоспарлау және тиiсті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң бюджетiн атқару жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органдар бақылау объектілерi болып табылады. 
8. Мемлекеттік мекемелердi тексеру кезiнде мемлекеттік мекемелер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгі бақылауға ұшырайды. 
Осы бақылау тобының субъектілерi: барлық мемлекеттік мекемелер үшiн - iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi мемлекеттік органның орталық аппаратының және оның ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерi үшiн - iшкi бақылау қызметтерi болып табылады. 
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бақылау объектілерi болып табылады. 
9. Мемлекеттік кәсiпорындарды тексеру кезiнде iшкi бақылауға жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік кәсiпорындардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауға ұшырайды. 
Осы бақылау тобының субъектілерi барлық мемлекеттік кәсіпорындар үшін iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкілеттi орган, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар үшін орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерi болып табылады. 
Мемлекеттік кәсiпорындар бақылау объектілерi болып табылады. 
10. Гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды тексеру кезiнде гранттарды, мемлекеттің активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мақсатты және негіздi пайдалану мәселелерi бақылауға ұшырайды. 
Осы бақылау тобының субъектілерi барлық жеке және заңды тұлғалар-пайдаланушылар үшін iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган; әкiмшілерi не уәкілетті органдары тиiсті орталық басқару органдары болып табылатын гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланушылар үшiн орталық мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерi болып табылады. 
Гранттар, мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сенiмдi басқаруға және жалға - мемлекеттің активтерiн алған жеке және заңды тұлғалар бақылау объектілерi болып табылады. 
11. Бюджет қаражатын алушыларды тексеру кезiнде бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi мәселелері бақылауға ұшырайды. 
Осы бақылау тобының субъектілерi: iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкілетті орган - барлық бюджет қаражатын алушылар үшiн; iшкi бақылау қызметтері - орталық басқару органдары және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары үшiн. 
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, бюджет қаражатын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы қызметтерiн, оның iшiнде бюджет қаражатын игерудiң барлық сатысында азаматтық-құқықтық мәмілелер негiзiнде көрсететін тұлғалар бақылау объектілерi болып табылады.