Toggle Dropdown
13
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 07.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiмде, "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бiр жолғы алым мөлшерлерiн бекiту туралы, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi бiр айлық мерзiмде, өзiн-өзi қорғау - жарақат салатын патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы атыс, жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар ұңғысыз атыс қаруының зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын әзiрлесiн және бекiтсiн.
Toggle Dropdown
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 3 тамыздағы
N 1176 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
5
Қазақстан республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
Осы Ереже "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару мен оның патрондарын өндiрудi, сатуды (саудасы), берудi, сыйға тартуды, марапаттауды, мұраға ие болуды, сатып алуды, коллекциялауды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, алып жүрудi, тасымалдауды, пайдалануды, алып қоюды, жоюды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi қоса алғандағы, айналымын реттейдi.
Toggle Dropdown
2. Тарау алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-1. Заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу тәртібі
Toggle Dropdown
3-1. Ұйымдардың өздеріне заңнамада жүктелген және олардың жарғыларында (ережелерінде) көзделген азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншігін қорғау бойынша, қоршаған орта объектілері мен табиғи ресурстарды, құнды және қауіпті жүктерді, арнайы хат-хабарларды күзету бойынша жүктелген міндеттерді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған қару мен оның патрондары жеткізуші заңды тұлғалардан ішкі істер органдарында оны сатып алуға рұқсат алған соң сатып алынуы мүмкін.
Toggle Dropdown
3-2. Заңды тұлғаға қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған рұқсатты ресімдеу үшін мыналар болуы қажет:
Toggle Dropdown
1) мыналарды:
Toggle Dropdown
толық сауалнамалық деректермен бірге, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер, техникалық нығайту талаптарына сай келетін және осы Ереженің 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес өрт-күзет дабылдары құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың кадастрлық нөмірі көрсетілген заңды тұлғаның сатып алуға рұқсат алуға арналған өтініш;
Toggle Dropdown
2) техникалық нығайту талаптарына сай келетін және осы Ереженің 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес өрт-күзет дабылдары құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды жалға алу шартының көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) қаруға рұқсаты бар адамдардың қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды;
Toggle Dropdown
4) қаруға рұқсаты бар адамдардың қаруды қауіпсіз пайдалану қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтама;
Toggle Dropdown
5) қару мен оның патрондарын сатып алуға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық;
Toggle Dropdown
6) жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен модельдерін және олардың санын көрсете отырып, қару және (немесе) оның патрондарын жеткізуге немесе сатып алуға арналған шарт (келісімшарт) (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) не қару мен оның патрондарын сатып алу-сату шарты (келісімшарты) (Қазақстан Республикасының аумағында қару саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін);
Toggle Dropdown
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жарақат салатын әсері бар патрондары бар қарудың және электр қаруының көрсетілген қарудың зақымдағыш факторларының адамға тигізетін жол берілген әсерінің белгіленген нормаларына сәйкестігі туралы қорытынды (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйым оны сатып алуға ниет білдірген кезде);
Toggle Dropdown
8) осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес аумақтық ішкі істер департаменттерімен (тегіс ұңғылы қару үшін) және (немесе) Ішкі істер министрлігімен (ойық қару үшін) келісілген қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтер бланкілері (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар үшін).
Toggle Dropdown
Полицияның жауапты қызметкері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өтініште ұсынылған қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда соттылығының жоқтығы, қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) сатуға арналған үй-жайлардың және қару мен оның патрондарын сатып алу құқығының болуы туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелермен салыстыра тексеруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Осы тармақта көрсетілген құжаттар болғанда және өтініштегі мәліметтерде көрсетілген ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйемен сәйкес келген кезде заңды тұлғаға азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға рұқсат беріледі.
Toggle Dropdown
1
3. Қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтаудың тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Заңды тұлға қаруды сатып алған күннен бастап 7 күннің ішінде осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес оны сақтауға ішкі істер органынан рұқсат алады.
Toggle Dropdown
5. Қаруды тіркеу кезінде ішкі істер органы қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негізінде бес жыл мерзімге осы қаруды сақтауға рұқсат береді.
Toggle Dropdown
6. Қаруды сақтауға рұқсат беру үшін:
Toggle Dropdown
сатып алынған қарудың саны (әр бірлiктiң түрi, үлгiсi, моделi, жүйесi, калибрi, нөмiрі, шығарылған жылы) туралы;
Toggle Dropdown
қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның ішінде күзет қызметкерлері туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды, қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы және сотталмағандығы туралы анықтамалар көрсетілетін ұйым басшысының өтініші негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Өтiнiшке ұйым басшысының қару мен оның патрондарының сақталуы үшiн жауапты адамды (адамдарды) тағайындау туралы бұйрығының көшiрмесi қоса тiркеледi.
Toggle Dropdown
Қаруды сақтауға арналған жаңа объект ашылған кезде өтінішке iшкi iстер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдерi жасаған қару сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы актілерi қоса тiркеледi.
Toggle Dropdown
7. Қызметтiк қару мен оның патрондары арнайы жабдықталған қоймада сақталады, ол мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
Toggle Dropdown
1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшау болуы керек, қабырғалары қалың, төбе жабулары мен еденi берiк болуы тиiс. Iшкi қабырғалары (қоршаулары) беріктігі жағынан арасына болат тор өткiзiлген, әрқайсысының қалыңдығы 80 мм қосарланған гипсобетонды панельдерге немесе металл тормен арматураланған, қалыңдығы кемінде 120 мм кiрпiш қабырғаға тең болуы керек. Бұрын салынған ғимараттарда болат торлармен күшейтiлген тақтай қоршаулар жасауға рұқсат етiледi;
Toggle Dropdown
2) екі есiгi болуы керек, бұл ретте сыртқысы - қаңылтырдың шеттерi есiктiң жақтауына қайтарылып, екі жағы мырышты болат қаңылтырмен сомдалған, қалыңдығы кемiнде 40 мм бір қабат тақтайдан, ал iшкiсi - болат тордан жасалады.
Toggle Dropdown
Сыртқы есiк екi iшкi құлыппен жабылып, мөр немесе пломбы басылуы тиiс, iшкi торлы есік - iшкi немесе аспалы құлыппен жабылады.
Toggle Dropdown
Қару-жарақ бөлмесi есiгiнiң ойығы (есiктiң қорабы) болат жиекпен жақтауланады. Бұрын салынған үй-жайларда көлемi 30х40 мм-ден, қалыңдығы 5 мм-ден кем болмайтын, қабырғаға диаметрi 10-12 мм арматуралы болат шегемен он жерден қағылған бұрыштама темiрмен күшейтiлген ағаш қораптарға рұқсат беріледі;
Toggle Dropdown
3) үй-жайдың iшкi жағындағы терезе ойықтарында немесе жақтауларының арасында болат тор жүргiзiледi. Бiрiншi қабатта орналасқан бөлмелерде терезелері iшкi жағынан металл немесе екi жағынан мырышты болатпен қапталған ағаш қақпақпен жабдықталады. Торлардың ұшы қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке дейін қағылып және бетон құйып бекiтiледi. Терезенiң қақпақтары аспалы құлыппен жабылуы керек.
Toggle Dropdown
Есiк, терезе ойықтарына және қабырғаны нығайту үшiн тартылатын торлар диаметрi кемiнде 15 мм болат шыбықтан жасалады. Шыбықтардың тор көздерi кемінде 150х150 мм-ден айқастырылып дәнекерленедi;
Toggle Dropdown
4) екi және одан көп күзет-өрт белгі беру құралдарымен жабдықталады, ол электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалады, терезелерге, есіктерге, люктерге, қабырғаларға, төбеге, еденге қару мен патрондар сақталатын сейфтерді, шкафтарды ашқанда немесе бұзғанда, сондай-ақ бөлменің iшiнде адам жүргенде iске қосылатын хабарлағыштар орнатылады. Бұл үй-жайлар кезекші бөлімдеріндегі шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың iшкi істер органдары күзет бөлiмшелерiнің күзетуiне берiлiп, белгiленген тәртiппен белгі беру құралдарының орталықтандырылған бақылау пультiне қосылады. Күзету белгi беру құралдарының шлейфін темiрбетонды және бетонды құрылыс конструкциялары бойынша тек қана бөлме iшiнде құбырмен жүргiзуге рұқсат етiледi;