• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 31.12.2020 күші жойылды

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 5 наурыз N 224

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес   
Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылауды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ құндылықтарды, почта байланысы қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде Ережеге 6-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 5 наурыздағы
 N 224 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасындағы
 қару мен оның патрондары
 айналымының ережесіне
 6-қосымша
"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының қызметкерлерін  
  қаруландыру үшін белгіленген қару және оның  
  патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны 
18. Ақшалай түсімдердің инкассациясын       әрбір инкассаторға 
19. Ақшалай түсімдердің инкассациясын       әрбір жүргізушіге 
1. Почта байланысы тораптарының және бөлімшелерінің бастықтары, ПТБ жауапты кезекшілері, почтамттардың және почта байланысы тораптарының бас кассасы мен кассалық операциялар бөлімінің бастықтары, негізгі кассаны меңгеруші кассирлер жұмыс уақытында қызметтік қажеттілік болған жағдайда қаруланады. 
2. Почта вагондарының бастықтары қызметтік міндеттерін орындау кезінде ақшалай сомаларды тасымалдау жүзеге асырылатын бағыттар бойынша жол жүргенде қаруланады. 
3. Почтаны алып жүру мен алмасу жөніндегі почтальондар тек жұмыс уақытында ғана, сақтандыру почтасын тасымалдау жағдайында автомобиль және жүк тасу бағыттары бойынша жол жүргенде қаруланады.