Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу әрекетінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 890 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу әрекетінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
3-тармақтың бiрiншi абзацы "10-1" деген сандардан кейiн "10-2" деген сандармен толықтырылсын;
22-тармақтың бiрінші абзацы "10" деген сандардан кейiн "10-2" деген сандармен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 890 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 10-2-қосымша
Қазақстан Республикасының әуежайлары авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметi қызметкерлерiн қаруландыру нормасы:
__________________________________________________________________
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік | Қару түрі
қызметінің қызметкерлері |----------------------
| Пистолет|Ұзын ұңғылы
|(тапанша)|тегiс ұңғылы
| | мылтық
__________________________________________________________________
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бастығы
(оның орынбасары) 1 -
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң
қауіпсіздік бөлiмшесiнiң бастығы 1 -
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң
қауiпсiздiк бөлiмшесі ауысымының
бастығы (оның орынбасарлары) 1 -
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң
қауіпсіздік бөлiмшесiнiң аға инспекторы 1 -
Бақылау-өткiзу пунктіндегі
авиациялық қауiпсiздiк қызметi
қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң инспекторы постқа -
(кiшi инспекторы) 1
Авиациялық қауiпсiздiк қызметінің - постқа 1
қауiпсiздiк бөлiмшесi ауысымының (патруль)
инспекторы (кiшi инспекторы)
Авиациялық қауiпсiздiк қызметi
қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң инспекторы
(кiшi инспекторы) - қызметтiк иттер
жетекшiсi, патрульдiк-iз кесушi
иттiң бастаушысы. 1
__________________________________________________________________
2. Қару-жарақтар нормасы мынадай есептен белгiленедi:
__________________________________________________________________
N | Қару атауы | патрондар саны (дана)
p/c| |-----------------------------------------
| | Ауысымға |Қару бiр. |Бiр жылғы шығын
| |қаруланған| лiгiне |-------------------
| | қызметкер|азайтыл. |бiр қыз.|бiрлiк
| | (пост, |майтын қор|меткерге|қаруға
| | патруль)| |практи. |келетiн
| | | |калық |атысты
| | | |атуларға|тексеруге
__________________________________________________________________
1. ұзын ұңғылы тегiс
ұңғылы мылтық 15 патрон 60 10 8
2. Пистолет 16 патрон 32 12 8
(2 магазинде)
3. Тапанша 14 патрон 28 12 8
(қораптарда)
__________________________________________________________________
Ескертпе:
1. Қарудың атысын тексеруге арналған патрондарды басқа мақсаттарда шығындауға тыйым салынады.
2. Қарудың атысын тексеру қажеттілiгiн әуежай басшысының орынбасары немесе әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы жылына екi рет белгiлейдi.
3. Тегiс ұңғылы мылтыққа арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады.
4. Қарудың жалпы саны әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің қауiпсiздiк бөлiмшесi ауысымы қызметкерлерінің бекiтiлген штат кестесi бойынша жалпы санынан аспауы керек, бұл ретте 10 бiрлiкке бір резервтегi қару ұстауға болады.
5. Әуежайда ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету үшiн қосымша екi тегiс ұңғылы қару ұстауға рұқсат етіледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |