Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5616 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Осы редакция 27.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасын реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Toggle Dropdown
1) белгіленген тәртіппен оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қаматамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Энергетика және минералдық
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2009 жылғы 24 ақпандағы
N 61-НҚ бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: