1. Қоса беріліп отырған Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Осы редакция 01.03.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 798 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5951 болып енгізілді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 48-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, стационарды алмастыратын көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты іске асыру үшін шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Мынадай:
1) "Стационарды алмастыратын медициналық көмекті дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 840 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 2596 тіркелген);
2) "Стационарды алмастыратын медициналық көмекті дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 840 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 899 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 3396 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде N 14 жарияланған, 2005 ж., 54-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
7. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 798 бұйрығымен бекітілген
Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |