• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 787 Қаулысы

Осы редакция 24.05.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 28 шілдедегі
 N 787 қаулысымен
 бекiтілген
Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару 
 ЕРЕЖЕСI 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери мүлкiн есепке алу және есептен шығару ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы  7-бабының  25) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әскери бөлiмдерде, мемлекеттік мекемелерде, әскери оқу орындарында (бұдан әрi - әскери бөлiмдер) жарамсыз (шектi) жай-күйге келген жоғалған қаруды, әскери техника мен өзге де әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару тәртiбiн белгілейдi.
2. Әскери бөлiмдердегi әскери мүлiктi есепке алу "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Заңына  және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне  сәйкес жүргізiледi. 
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетi Қарулы Күштердi қару-жарақтың, әскери техниканың қажеттi түрлерiмен, оқ-дәрiлермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етудi ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады.
4. Белгiленген қызмет, тозу, пайдалану, жарамдылық мерзiмдерi өткеннен кейiн жарамсыз (шектi) жай-күйге келген мүлiктi есептен шығару техникалық жай-күйiнiң актiлерi немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруі актілерi (осы Ереженiң 1 және 2-қосымшалары ) бойынша жүргiзiледi. Кiнәлi адамдарға жатқызылғаннан басқа, уақытынан бұрын жарамсыз (шектi) жай-күйге келген және жоғалған мүлiкті есептен шығару инспекторлық куәлiктер (бұдан әрi - куәлiк) (осы Ереженiң 3-қосымшасы ) бойынша жүргiзiледi.
5. Оқу-жаттығу және басқа да мақсаттарда пайдаланылатын мүлiктi қоспағанда, егер мүлiк өзінiң техникалық жай-күйi бойынша немесе жөндеуден кейiн мақсаты бойынша бұдан әрi пайдалануға жарайтын болса, белгiленген қызмет мерзiмдерiнiң өтуi, сондай-ақ мүлiктiң тозу құнының 100% есептелуі, оны есептен шығару үшiн негiз бола алмайды.
6. Есептен шығаруға жататын мүлiк техникалық жай-күйiнiң бекiтiлген актiсiн немесе куәлігін алғанға дейiн жойылмайды, бөлшектенбейдi немесе оқу құралы ретiнде пайдаланылмайды. 
Техникалық жай-күйiнiң бекiтiлген актiлерi (куәлiктерi) алынған мүлiк бөлшектеуге (бөлуге) жатады. 
Мүлiктi бөлшектеу (бөлу) агрегаттардың, тораптардың, приборлардың, детальдар мен материалдардың мүмкiндігінше пайдалануға жарамды көп санын алу мақсатында қауiпсiздiк техникасының және құпиялылық режимiнiң талаптарын қатаң сақтай отырып, тиiстi мамандардан, есептен шығаруға жататын мүлiктiң жай-күйi мен сақталуына жауап беретiн лауазымды адамдардан тұратын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен тиiстi қызметтер (материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да қамтамасыз ету түрлерi) бастықтарының бақылауымен жүргізiледi. 
Техникалық жай-күйiнiң бекiтiлген актiлерi (куәлiктерi) алынған жауынгерлiк даярлықтың қару-жарағы мен әскери техникасы, оқу материалдық-техникалық базаның жабдықтары мен құралдары оның агрегаттарын бөлшектемей, әскери жөндеу бөлiмдерiнде немесе тиiстi бөлiмшелерде бөлшектеуге жатады. 
Оны бөлшектеу (бөлу) кезiнде қару-жарақ пен әскери техникадан алынған және бұдан әрi пайдалануға жатпайтын агрегаттар белгiленген тәртiппен әскери бөлiмдердiң жөндеу базаларына жөндеуге берiледi. 
Жауынгерлiк зымырандар мен олардың элементтерi, зымырандар жабдықтарының жауынгерлiк жинақталымы, егер оған мүлiктiң тиесiлiлiгi бойынша әскери бөлiм қамтамасыз етуде тұрған тиiстi басқару органының (бұдан әрi - қамтамасыз ету органы) арнайы нұсқаулары болмаса бөлшектеуге (бөлуге) жатпайды. 
Мүлiктi есептен шығару туралы тіркелiмдердегі, есепке алу кiтаптарындағы (карточкаларындағы) жазулар есептен шығарылған мүлiктi бөлшектеуден (бөлуден) алынған агрегаттарды, тораптарды, приборларды, детальдарды, материалдарды, металл сынығы мен басқа да мүлiктi кiрiске алғаннан кейiн бекiтiлген техникалық актiлер немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi (куәлiктер) негізiнде жүргізiледi.
7. Құпиялылық белгісi бар бұйымдарды (тораптарды, элементтердi) бөлшектеу (бөлу) оларды пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарына сәйкес жүргiзіледi.
8. Бөлшектелген (бөлiнген) мүлiктің пайдалану үшiн жарамды, соның iшiнде жөндеудi де талап ететiн барлық агрегаттарды, тораптарды, приборларды, детальдарды, материалдарды әскери бөлiмдер (табельдер, белгiленген шығыстар немесе лимиттер нормалары шегінде) оқу-жаттығу мақсаттарында, сондай-ақ жөндеу, сүрту материалы ретінде және басқа да қажеттіліктерге пайдаланады. 
Әскери бөлiмдер өз мұқтажына пайдаланбайтын жарамды және жөндеудi талап ететін агрегаттар, тораптар, приборлар, детальдар, материалдар мен басқа да мүлiк қамтамасыз ету органдарының нұсқауы бойынша әскери бөлiмдердiң басқа да базаларына және қоймаларына берiледi. 
Техникалық жай-күйi актілерi немесе сапалылық жай-күйiнiң өзгеруi актілерi (куәлiктерi) бекiтiлген, бөлшектеуден (бөлуден) алынған, жөндеуге және оқу-жаттығу мақсаттарына жарамсыз агрегаттар, тораптар, приборлар, детальдар, материалдар мен басқа да мүлiк металл сынығы, ескi-құсқы және басқа да мүлiк ретiнде тiркелiмдер, есепке алу кiтаптары (карточкалары) бойынша кiрiске алынады.
2. Техникалық жай-күйi актілерi бойынша 
 мүлiктi есептен шығару тәртiбi 
9. Техникалық жай-күйi актілерi бойынша жарамсыз (шектi) жай-күйге келген есепте тұрған мүлiк: 
1) белгіленген қызмет мерзiмдерiнiң өтуi бойынша; 
2) қолбасшылықтың жоспарлары бойынша өткiзiлген сынақтар немесе тәжiрибе жұмыстары процесiнде; 
3) егер ол өзiнiң техникалық жай-күйi бойынша жөндеуге (қалпына келтiруге) және тiкелей мақсаты бойынша пайдалануға келмейтiн болса, белгiленген сақтау шарттарын, жаңарту және техникалық қызмет көрсету тәртiбiн сақтаған кезде жедел және стратегиялық запаста сақтаудың белгiленген мерзiмiнiң өтуi бойынша есептен шығарылады. 
Техникалық жай-күйi актілерi бойынша оған қызмет мерзiмi белгiленбеген, егер ол өзiнiң техникалық жай-күйi бойынша жөндеуге (қалпына келтiруге) және мақсаты бойынша пайдалануға келмейтiн болса, қалыпты пайдалану процесiнде жарамсыз (шектi) жай-күйге келген мүлiк есептен шығарылады. 
Техникалық жай-күйi актiлерi бойынша белгiленген жарамдылық мерзiмдерi өткеннен кейiн және бақылау-талдау зертханаларынан алынған олардың жарамдылығы туралы қорытынды (талдау) негiзiнде дәрi-дәрмек құралдары (оның iшiнде соғыс уақытында басым қолданылатындары да) есептен шығарылады.
10. Есептен шығаруға жататын мүлiктiң техникалық жай-күйiн анықтау және оны есептен шығаруға техникалық жай-күйi актілерiн жасау оның құрамына осы құралдар бойынша мамандар кiретiн комиссиялардың қарауына жатады.
11. Техникалық жай-күйдi анықтау үшiн: 
1) ұсынылған мүлiктi қарау, өлшеу мен тексеру жүргізіледi, мүлiктің техникалық жай-күйi актісiн жасау үшін негіз болған бар ақаулар тозудың дәрежесi мен себептерi белгіленедi; 
2) формулярдың (паспорттың) дұрыс толтырылуы тексерiледi және комиссия төрағасының қолымен және әскери бөлiмнiң елтаңбаны мөрiнiң бедерлемесiмен расталады; 
3) мүлiктi пайдалану және сақтау шарттарының қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарына сәйкес келуi тексерiледi; 
4) мүлiктiң iс жүзiнде пайдалануда болу ұзақтығы белгiленедi және оны жөндеу мен мақсаты бойынша бұдан әрi пайдаланудың орындылығы айқындалады; 
5) есептен шығаруға жататын мүлiктiң жинақтамасы тексерiледi; 
6) оларды алған соң кейiннен кiрiске алу үшiн негiз болатын, есептен шығарылатын мүлiкте болатын құнды (түстi) металдар, асыл тастар, иондаушы сәулелену көздерi мен радиоактивтi заттар тiзбесiн қоса бере отырып техникалық жай-күйi актiсi жасалады. Есептен шығарылатын мүлiкте құнды (түстi) металдардың, асыл тастардың, иондаушы сәулелену көздерi мен радиоактивтi заттардың болмау фактiсi немесе олардың жетiспеушiлiгi техникалық жай-күйi актiсiнде көрсетiледi; 
7) мүлiктi тұтастай және әрбiр құрылғы бойынша, оның iшiнде есептен шығарылғаннан кейiн құнды (түстi) металдар мен асыл тастарды да қамтитындарын неғұрлым мақсатты пайдалану туралы ұсыныс енгізiледi, оларды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады; 
8) есептен шығарылған мүлiктен пайдалануға жарамды тораптарды, детальдарды, материалдарды, түстi, құнды металдарды және асыл тастарды алу тексерiледi, олардың саны мен салмағы айқындалады және әскери бөлiмнiң тиiстi қоймасына тапсыру жүргізіледi; 
9) техникалық немесе сапалылық жай-күйiнiң өзгеруi актiлерiнiң уақтылы жасалуына және мүлiктi бөлудi (бөлшектеудi) жүргiзуге бақылау жүзеге асырылады. 
Өлшеу құралдарының (оның iшiнде кiрiктiрмелерiнiң де) техникалық жай-күйi актiлерiне олардың жарамсыздығы туралы метрологиялық органның (әскери бөлiмнiң өлшеу техникасы базасының немесе зертханасының) куәлiгi қоса берiледi.
12. Әскери бөлiмнiң әр түрлi қызметтерi сандық есебiнiң құрамына есепке алынған, бiрнеше құрылғыдан тұратын қару-жарақ (әскери техника) үлгiсiн (шассидi, тартпа қозғалтқышты, агрегаттарды, зеңбiректердi, ұшыру қондырғыларын, пулеметтердi, көздеу приборларын, навигациялық аппаратураларын, радиоэлектрондық қабылдау-беру құрылғылары мен басқаларды) қару-жарақ (әскери техника) үлгiсiнiң мақсатын айқындайтын құрылғылардың жай-күйi бойынша есептен шығарған кезде техникалық жай-күйi актісiнiң 1-бөлiмiнде осы құрылғы бiрiншi жазылады. Бұдан әрi техникалық жай-күйiн (санатын) көрсете отырып, нөмiрлерi бойынша есепке алынатын басқа да бөлiктерi жазылады.
13. Қару-жарақ (әскери техника) үлгiсiнiң құрамына кiретiн басқа да құрылғыларды есептен шығару осы құрылғыларды ақаусыздарымен ауыстырғаннан кейiн жүргiзiледi. Егер құрылғылардың бiреуi ауыстырылмайтын болса, ол қару-жарақ, әскери техника үлгісiн бұдан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданғаннан кейiн есептен шығарылады.
14. Үлгiнiң мақсатын айқындамайтын құрылғының жай-күйi бойынша қару-жарақ (әскери техника) үлгісiн есептен шығарған кезде, егер ол ақаусызға ауыстырылмайтын болса, техникалық жай-күйi актiсiнiң 1-бөлiмiнде осы құрылғы, ал содан кейiн - олардың техникалық жай-күйiн (санатын) көрсете отырып, нөмiрлерi бойынша есепке алынатын басқа да құрылғылар жазылады. Техникалық жай-күйi актiсiнiң қалған бөлiмдерiнде қару-жарақ (әскери техника) үлгісінiң мақсатын айқындайтын құрылғының жай-күйi туралы жазулар жазылады. Техникалық жай-күйi актiсiнiң 5-бөлiмiнде есептен шығаруды талап ететiн құрылғыны ақаусызға ауыстыруға болмайтын себептерi көрсетiледi.
15. Базалық машиналарға (тiркемелерге) құрастырылған арнайы қондырғыларды (агрегаттарды, жабдықтарды) есептен шығаруға техникалық жай-күй актілерi қондырғыға (агрегатқа, жабдыққа) және базалық шассиге (тiркемеге) бөлек жасалады. 
Базалық шасси оған орнатылған жабдықты есептен шығарғаннан немесе алғаннан кейiн ғана есептен шығарылады.