• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 09.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы N 542 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5853 болып енгізілді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтауды дамыту депаратменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық қызмет департаменті (Ф.Б. Бисмилдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен көлемдерін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қарашадағы N 856 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2601 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр                                            Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2009 жылғы 19 қазандағы
 N 542 бұйрығымен бекітілген
Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесі
1. Осы Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесі қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды, оның ішінде балаларды медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыруға жалпы талаптарды белгілейді.
2. Қалпына келтіру емі – науқас организмінің функциялық іс-әрекетке қаблеттілігін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені.
3. Қалпына келтіру емінің мақсаты аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарын толық немесе жартылай қалпына келгенге дейін жою немесе бәсеңдету немесе науқастың психикалық, физиологиялық және анатомиялық жағдайының бұзылуының орнын толтыру болып табылады.