Toggle Dropdown
"Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 954 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6696 тіркелді
Toggle Dropdown
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 11 қарашада № 5853 тіркелген және «Заң газетінде» 2009 жылғы қарашада № 179 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
Бұйрықтың 1-тармағындағы «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ережеде:
Toggle Dropdown
атауындағы «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен толықтырылсын
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Осы Ереже қалпына келтіру емін және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту көмегін көрсету тәртібін және оны ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.»;
Toggle Dropdown
6-тармақ «медициналық оңалтудың» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың» деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
7-тармақ «медициналық оңалтудың» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
9-тармақ «медициналық оңалтуға» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтуға» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
10-тармақ «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
11-тармақтағы «физикалық емдеу әдістері» деген сөздер «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық айғақтары бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
15-тармақтағы «медициналық оңалтудың» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың» деген сөздермен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова