• Мое избранное
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 283 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8005 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 26.04.2014 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржы есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ұлттық Банк 
Төрағасы                                   Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 31 тамыздағы
 № 283 қаулысымен
 бекітілген
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
 жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі
 аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы » 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Аудиторлық қызмет туралы » 1998 жылғы 20 қарашадағы (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы » 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы » 2006 жылғы 5 маусымдағы (бұдан әрі – Өңірлік қаржы орталығы туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.
2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда
 алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық
 есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі
2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі – қаржы орталығы) арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің (бұдан әрі – эмитент) аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу құжаттарын қарастыру жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі – аудитке жұмсалған шығындарды өтеу) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – айлық есептік көрсеткіш) он екі мың еседен аспайтын көлемдегі мөлшерін эмитенттің өтінішінде көрсетілген ағымдағы шотына ұлттық валютада ақша аудару жолымен бір рет жүзеге асырылады. Өтелуі тиіс соманың есебі аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы тиісті шешім қабылданған күні айқындалады.
4. Аудитке жұмсалған шығындар бағалы қағаздары алғаш рет қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген эмитенттерге өтеледі.
Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы шешімді Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі қабылдайды.
5. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу:
1) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіс бір мың есе мөлшерінен аспайтын соманы құраса;
2) эмитенттің листингтік алымдарды төлеумен байланысты шығыстары айлық есептік көрсеткіштің кемінде төрт мың есе мөлшеріне баламалы соманы құраса;
3) аудитті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген, «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығымен (бұдан әрі – № 04.2-44/172 бұйрық) белгіленген талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізсе;
4) эмитенттің жүргізілген аудиті бойынша аудиторлық ұйым қызметінің құны айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма төрт мың есе мөлшеріндегі соманы құраса жүзеге асырылады.
6. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу үшін уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш), сондай-ақ мына құжаттар:
1) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы көшірмесімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде эмитентке қайтарылады);
3) аудиторлық ұйымның № 04.2-44/172 бұйрықта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы;
4) Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес эмитенттің аудит жүргізу құқығына шектеудің жоқтығы туралы аудиторлық ұйымның жазбаша растамасы;
5) эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ бар болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;
6) эмитенттің қаржылық есептілігі туралы аудиторлық есептің нотариат куәландырған көшірмесі;
7) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
8) жасалған мәмілелер бойынша жиынтық ведомосімен бірге Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талапқа эмитенттің сәйкес келуі туралы қор биржасының жазбаша растамасы;
9) құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат ұсынылады.
Бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың артқы жағында эмитент басшысының қолы қойылып және мөрмен куәландырылып беріледі.
7. Өтініш күнтізбелік жылғы қаңтардың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 сәуірге дейін қабылданады.
8. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап он сегіз жұмыс күн ішінде қарайды.
9. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) эмитент бағалы қағаздарының Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талапқа сәйкес келмеуі;
2) эмитенттің Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы;
3) Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы;
4) ұсынылған құжаттардың Аудиторлық қызмет туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Өңірлік қаржы орталығы туралы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10. Уәкілетті орган Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша аудитке жұмсалған шығындарды өтеуден бас тартады.
Өтініш берушіге Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Алматы қаласының өңірлік
 қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
 жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің
 қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған
 шығындарды өтеу қағидаларына
 қосымша
Нысан
                                       ______________________________
                                 Уәкілетті органның басшысына
Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш
Алматы қаласы                         20__ жылғы «___» _______ № ____
_____________________________________________________________________
     (бағалы қағаздардың эмитенті - өтініш берушінің толық атауы)
 ______________________________________________________________ арқылы
        (бірінші басшының тегі, аты-жөні және лауазымы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік
 қаржы орталығының қызметін бақылау комитетінен 20__ жылғы «___»
 _______________ бастап 20__ жылғы «___» ________________ аралығында
 ____________________________________________________ аудиторлық ұйымы
 (мекенжайын көрсете отырып аудиторлық ұйымның толық атауы)
жүзеге асырған қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындарды
өтеуді сұрайды.
 _____________________________________________________________________
     (бағалы қағаздардың эмитенті - өтініш берушінің толық атауы)
1) жоғарыда көрсетілген аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызметтер
 көрсетуге арналған 20__ жылғы «___» _______________ № _______ шарттың
жасалғанын;
       2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындардың 20__ жылғы
 «___» _________ төленгенін _________________________________________;
                    (аудитке жұмсалған шығыстардың төленгенін
                        растайтын құжат, нөмірі және күні)
       3) ________________ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
      (бағалы қағаздардың атауы)
 арнайы сауда алаңында ашық сауда-саттық әдісімен 20__ жылғы «___»
 _______________ мөлшерінде орналастырылғанын;
4) аудиторлық ұйымның біздің ұйыммен үлестес емес екендігін
және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес аудит жүргізуге құқықтары
шектелмейтінін растайды.
       _______________________________________________________ төлемді
              (эмитенттің толық атауы)
 мынадай деректемелер бойынша жүзеге асыруды сұрайды: _______________.
                      (шот нөмірі және банктің деректемелері)
________________________________________________       ______________
 (бірінші басшының тегі,аты-жөні және лауазымы)            (қолы)
Мөр орны