• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 45

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығы

Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
  • 2
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  • 3
1. Қоса беріліп отырған жалпы әскери жарғылар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысы; 
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы; 
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы; 
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы.
  • 1
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын басшылыққа алсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 07.05.2012 жылғы № 320 Жарлығымен
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2014 жылғы № 814 Жарлығымен (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2015 жылғы № 18 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы N 4156 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2007 жылғы 5 шілдедегі
 N 364 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
  • 1
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ
Жарғы өзгертілді ҚР Президентінің  15.04.2013 жылғы № 541 Жарлығымен (07.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Жарғы өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2015 жылғы № 18 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жарғы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.02.2016 жылғы № 187 Жарлығына сәйкес (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.02.2016 жылы № 22 (28754) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.
  • 1
Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
  • 2
Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге, азаматтарға, олар әскери даярлықтан өту кезеңінде, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.
  • 2
Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген тәртіппен және түрлерде әскери қызмет өткереді.
  • 1
Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қояды.
  • 1
Қазақстан Республикасының азаматтары заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді немесе әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт бойынша ерікті түрде әскери қызметке кіреді.
  • 1
Қарулы Күштерде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1-қосымшада көрсетілген әскери атақтар белгіленген.
2. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығымен (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Әскери қызметшілерге мәртебесін куәландыру үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жеке нөмірі бар жетон, әскери қызметшінің жеке куәлігі (әскери билеті) және (немесе) қызметтік куәлік беріледі.
  • 1
3. Заңнамаға сәйкес әскери қызметшілер құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің мазмұны мен көлемі олардың әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындауда болуына немесе болмауына байланысты болады.
Әскери қызметші, сондай-ақ запаста болатын азамат әскери жиындардан өту уақытында, олар әскери даярлықтан өту кезеңінде:
1) лауазымдық міндеттерін орындаған;
  • 1
2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше жағдайларда немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттерді орындаған;
  • 2
3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;
4) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;
5) төтенше ахуалдарды жоюға қатысқан;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) далалық жорыққа (теңізге шығуға), корабльдердің оқу-жаттығуларына немесе жорықтарына қатысқан;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) күн тәртібінде белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе бұл қызметтік қажеттіліктен туындаған болса, басқа да уақытта әскери бөлімнің аумағында болған;
8) қызметтік іссапарда болған;
9) қызмет орнына барған және кері қайтқан;
10) емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан;
11) әскери жиындардан өткен;
12) тұтқында, кепілде немесе еркінен айырылу жағдайында болған;
13) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) әрекеттегі резервте болған;
3-тармақ 14-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) біліктілікті арттыруда, қайта даярлауда, қайта мамандануда, оқуда, әскери тағылымдамада болған;
3-тармақ 15-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) зерттеу жүргізген, әскери және басқа да сынақтарда болған жағдайда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.
3-тармақ 16-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Офицерлер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерінің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.
Мерзімді қызмет әскери қызметшісі мерзімді қызмет өткерудің барлық уақыты ішінде, ал әскери міндетті - әскери жиындардан өтудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындайды.
Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындау кезінде мемлекеттік қызмет өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
4. Әскерлер қызметі - бұл гарнизондарда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде заңдармен, Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғыларымен (бұдан әрі - жалпыәскери жарғылар), бейбіт және соғыс уақытында әскерлердің тіршілік әрекетін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың қызмет өткеруін ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтармен, нұсқаулықтармен белгіленген жоғары жауынгерлік әзірлікті, жарғылық әскери реттілікті, тәртіп пен қағидаларды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Бұл кешен:
1) әскери бөлімдердегі, бөлімшелердегі, парктердегі, оқу-жаттығу орталықтарындағы, полигондар мен лагерьлердегі, корабльдердегі, мекемелердегі күнделікті қызметтік істерді айқындайтын, жауынгерлік әзірлікті, ішкі тәртіпті сақтауды, әскери қызметшілердің тіршілік әрекеті жағдайларын, тұрмысы мен оқуын, қару мен оқ-дәрілерді дұрыс сақтау мен беруді қамтамасыз ететін ішкі қызметті;
2) әскери бөлімнің (бөлімшенің) ішкі тәртібін сақтау, жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, зымырандары мен оқ-дәрілерін, үй-жайларын, мүлкін және басқа да материалдық құралдарын күзету, бөлімшелердегі істердің жай-күйіне және әскери тәртіпті, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін бұзудан сақтандыру және оған жол бермеу жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануын бақылауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді орындау үшін тағайындалған тәуліктік наряд қызметін;