Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Осы редакция 30.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 13 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 13 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. "Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 517 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж. N 20, 231-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесінде:
1-тармақтағы "ғылыми-негізделген" деген сөздерден кейін "және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "берілген өнімді пайдаланудың (қолданудың) нақты жағдайларында" деген сөздер "оның өмірлік циклінің барлық сатысында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
1) тармақшадағы "өнімдер мен процестердің ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес)" деген сөздер "өнімдер ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес) мен процестердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) сынаманы іріктеу және өнімдерді сынау ережесі, сәйкестікті растау ережесі мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемасы (сәйкестікті растау нысандары мен схемасын таңдау сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан күмәнді бағалау мен залал келудің жиынтық қаупін ескеріп жүзеге асырылуға тиіс) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі салуға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін";
6) тармақша алынып тасталсын;
мынадай редакциядағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың келісімімен Техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар тізбесін белгілейді.".
2. "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
16-тармақта:
"Бұрын пайдалануда болған автокөлік құралдарын" деген сөздер "Автокөлік құралдары мен двигательдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
Техникалық регламенттің 3-қосымшасында:
1-бағанның оныншы абзацы "артық емес" деген сөздер "артық емес*" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 646-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын;
74-тармақтағы "жүргізуге тиіс" деген сөздер "жүргізеді" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінде:
3-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
11-тармақта:
екінші абзацтағы ", оның ішінде шетелдік және халықаралық практикада қабылданған" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "Ерікті" деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақтағы "3-тармағына" деген сөздер "3 және 4-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;";
9) тармақшадағы "объектіні" деген сөз "өнімді" деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақтың бірінші абзацында:
"он бес" деген сөздер "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
"он" деген сөз "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақтың екінші абзацындағы "осы Регламенттің 11-тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақта "зертхана" деген сөзден кейін "немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |