• Мое избранное
Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау ережелерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 388 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5818 болып енгізілді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 27.05.2014 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берілген Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау ережелері бекітілсін.
2. "Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 19 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4202 болып тіркелген, "Заң газеті" газеті 2006 жыл 8 желтоқсан N 213 (1019) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                              Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
N 388 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау ережесі
1. Бұл Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарының сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау тәртібін анықтайды.
2. Бұл ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
білім беру ұйымы - мамандарды қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша қосымша білім беру білім оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
ізденуші - жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі бар, банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға үміткер жеке тұлға;
банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган.
3. Сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындауға қойылатын жалпы талаптар, білім беру ұйымдарында:
1) Жарғысында (Ережесінде) даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша норманың;
2) бекітілген "Сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау" оқу бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама);
3) банкроттық саласындағы оқу-әдістемелік әдебиетінің;
4) сырттай байқау әкімшілерімен, оңалтушы және конкурстық басқарушыларымен ізденушілердің практика өту туралы келісімдердің;
5) оқу өткізу үшін меншік немесе жалға беру құқығындағы оқытатын үй-жайлардың болуын қамтиды.
4. Білім беру ұйымы келісу үшін, уәкілетті органға Бағдарламаны, оған қоса жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, осы Ереженің 3-тармағының талаптарына сай келетін құжаттар көшірмелерін ұсынады.
5. Келесі күнтізбелік жылға арналған бағдарлама уәкілетті органмен жыл сайын ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін келісіледі және уәкілетті орган оны 10 жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Бағдарлама осы Ереженің талаптарына сәйкес болмаған жағдайда 5 жұмыс күні ішінде жойылуға жататын сәйкессіздіктердің себептерін көрсете отырып, уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша Бағдарлама пысықтауға қайтарылады.
7. Уәкілетті органға қайта келісуге ұсынылған Бағдарламаны уәкілетті орган 5 жұмыс күні ішінде қарайды.
8. Бағдарлама өзіне теориялық сабақ өткізуді және практикадан өтуді қамтиды.
9. Бағдарламаның теориялық курсы:
1) кемінде 72 (жетпіс екі) оқу сағатын құрауы және мынадай бөліктерден:
банкроттық туралы жалпы ережеден;
конкурстық іс жүргізу тәртібінен;
оңалту рәсімін жүргізу тәртібінен;
сырттай байқауды жүргізу тәртібінен;
банкроттық рәсімдерін жүргізу кезіндегі бухгалтерлік есеп және қаржылық талдаудан тұрады;
2) сабақтардың тақырыптарын, мақсаттарын, мазмұнын, нысандарын, сағат санын, пайдаланылатын әдебиет тізбесін көрсетеді.
10. Оларды зерделеу үшін сырттай байқау әкімшілері, оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан практикалық қызметкерлер тартылатын тақырыптар жеке бөлінеді.
11. Бағдарламаның теориялық сабақтары аяқталғаннан кейін, ізденушілер теориялық білімдерін бекіту және тиісті тәжірибелік дағдылар алу мақсатында, әрекет етуші сырттай байқау әкімшілерінен, оңалтушы және конкурстық басқарушылардан практикадан өтеді.
12. Практикадан өтуді білім беру ұйымы қамтамасыз етеді және ол 1 (бір) айды құрайды.
13. Білім беру ұйымы өз қызметкерлері қатарынан практика жетекшісін тағайындайды.
14. Бір сырттай байқау әкімшісінен, оңалтушы және конкурстық басқарушылардан бір мезгілде практикадан екеуден артық болмаған ізденушілер өтеді.
15. Практика аяқталғаннан кейін ізденуші:
практиканы өткен ұйымы, мерзімі және тәртібі туралы мәліметтерді;
орындаған жұмыстарының қысқаша сипаттамасын;
алған практикалық жұмыс дағдыларын;
практика қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтитын қорытынды есеп дайындайды.
Есепке ізденушінің практикадан өту уақыты ішінде жеке өзі жасаған құжаттардың үлгілері қоса беріледі.
16. Практикадан өту аяқталғаннан кейін ізденуші 5 жұмыс күні ішінде практика жетекшісіне қорытынды есепті ұсынады.
17. Теориялық курстың және қорытынды есепті тапсыру қорытындылары бойынша, ізденушілер, уәкілетті органның қызметкерлері кіретін комиссияға емтихан тапсырады.
18. Емтихан барысында ізденуші банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті теориялық білімі мен практикалық дағдыларын көрсетеді.
19. Емтихан білім беру ұйымы белгілеген тәртіппен жүргізіледі. Емтихан билеттеріне банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару мәселелері бойынша теориялық сұрақтар және практикалық тапсырма кіруі тиіс. Сұрақтардың тізбесі және тапсырмаларды білім беру ұйымы әзірлейді және осы Ереженің 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен және мерзімде Бағдарламаны келісу шеңберінде уәкілетті орган бекітеді.
20. Емтиханды тапсырған ізденушілерге білім беру ұйымы 1 (бір) жыл әрекет ету мерзімімен сертификат береді.
21. Білім беру ұйымдары:
оқытушылық қызметке практикалық жұмыскерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартады;
жыл сайын желтоқсанның 25-іне дейін уәкілетті органға сертификат алған адамдардың тізімін беріп тұрады.