"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 760 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 04.02.2016 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 11 тамыздағы N 760 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 шілдедегi N 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнiң ережесiнде:
5-тармақтың бiрiншi абзацында "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың екiншi абзацында "өрттен қадағалауды" деген сөздер "өрттi бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың бiрiншi абзацында:
"жергілiктi мемлекеттiк өрт қадағалау органына" деген сөздер "мемлекеттiк өрттi бақылау органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(11.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.10.2008 № 920 Қаулысымен)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысымен (06.10.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысымен (06.10.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |