Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015 г.
Документ на казахском языке
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1709 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 жылғы № 137 Бұйрығын қараңыз
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1709 қаулысымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – өтініш берушілер) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына берілетін дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2. ДСН-кодтарын беру тәртібі
2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей береді. Бұл ретте, өтініш беруші мемлекеттік тізілімде тіркелген бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың тиісті түріне сәйкестік сертификатының көшірмесін, ал мұнай өнімдерін өндірушілер – мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалануға, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензияның көшірмесін ұсынуы тиіс.
3. Аумақтық бөлімшелер ДСН-кодын беруге арналған жиынтық өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауы бойынша мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей жібереді.
4. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензиннің, авиациялық және дизель отыны мен мазуттың әрбір маркасына оларды жиынтық тізілімге енгізу арқылы ДСН-кодтарын беруді қамтамасыз етеді.
5. ДСН-кодтарын құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
6. Уәкілетті орган берілген ДСН-кодтары туралы аумақтық бөлімшелерді өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
7. Аумақтық бөлімшелер мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН-кодтары берілгені туралы өтініш беруші мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
8. Осы Қағидалардың 2-тармағында аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тартады.
9. Уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тарту туралы аумақтық бөлімшелер мен мұнай өнімдерін өткізуді жоспарлаған өтініш берушіні жиынтық өтінім жіберілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жазбаша хабардар етеді.
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінім
_________________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Салық органының бастығына
_________________________________
20___ жылғы « »
Салық төлеушінің атауы:
Cубъектінің СТН-і:
Cубъектінің ЖСН/БСН-і:
Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с №
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)
Мұнай өнімінің коды (егер бұдан бұрын берілген болса түсетін тізім)
Мұнай өнімінің атауы (егер бұдан бұрын берілмеген жағдайда енгізіледі)
Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.)
1
2
3
4
5
1
2
Басшы ____________________ ____________
(аты-жөні) (қолы)
* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
2-қосымша
Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған жиынтық өтінім
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасына
________________________________
20___ жылғы « »
Р/с №
Салық төлеушінің атауы
СТН
ЖСН/БСН*
Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы)
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы
Бірінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
үшінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 – авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
төртінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден бастап 999-ға дейінгі реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарының
құрылымына
қосымша
Комментарий успешно добавлен