Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2124
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Toggle Dropdown
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының
2002 жылғы 18 желтоқсандағы
N 486 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:
Toggle Dropdown
1) басшы - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға; немесе
Toggle Dropdown
бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылатын және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның iшкi ережелерiне сәйкес брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;
Toggle Dropdown
2) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган.
Toggle Dropdown
2-тарау. Есептi жасау және ұсыну тәртiбi
Toggle Dropdown
2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым есептi уәкiлеттi органға тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.
Toggle Dropdown
3. Есеп уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдаушыларда беріледі.
Toggle Dropdown
Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Toggle Dropdown
Қағаз тасымалдаушыда жасалған есепке басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қол қояды және еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен жіберіледі.
Toggle Dropdown
Есептің барлық парақтары нөмірленеді, олардың жалпы саны уәкілетті органға есепті жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Қағаз тасымалдаушыда берілген есептегі мәліметтер электрондық тасымалдаушыда берілген есептегі мәліметтерге сәйкес болуы тиіс.
Toggle Dropdown
Қағаз тасымалдаушыдағы есеп екі данада жасалады, есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарда қалады.
Toggle Dropdown
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер электрондық тасымалдаушыда берілген мәліметтердің қағаз тасымалдаушыда берілген мәліметтерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш жібереді.
Toggle Dropdown
Брокер және дилер берген есептен толық емес және (немесе) шынайы емес ақпарат анықталғанда, уәкілетті орган бұл туралы брокер және дилерге хабарлайды. Уәкілетті органның лерін ескере отырып жетілдірілген есепті брокер және дилер уәкілетті орган хабарлағаннан кейін екі жұмыс күннен кешіктірмей береді.
Toggle Dropdown
4. Есепке осы Ереженің 1-9-қосымшаларына сәйкес жасалған нысан кіреді.
Toggle Dropdown
Осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес жасалған есепті номиналды ұстаушы ретінде шоттарды жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиялары бар ұйымдар береді.
Toggle Dropdown
4-1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 10.00 кешіктірмей осы Ереженің 3-тармағында белгіленген тәртіпте осы Ереженің 4-1-қосымшасына сәйкес электрондық тасымалдағышта бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасасқан Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен орындалмаған мәмілелер туралы есепті, осы Ереженің 4-2-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағышта кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған меншікті активтері бойынша есепті (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды және зейнетақы активтерін басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағышта тапсырмасы бойынша қор биржасының сауда жүйесінде «РЕПОны» «тікелей әдіспен» ашу операциясы жүргізілген брокердің шоттарындағы клиенттердің активтер қалдықтарының құны туралы есептi уәкілетті органға береді.
Toggle Dropdown
4-2. Акционерлік қоғамнан басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде әр тоқсан сайын уәкілетті органға осы Ереженің 3-тармағының үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарында белгіленген тәртіпте қағаз тасымалдағышта осы Ереженің 4-3-қосымшасына сәйкес мына тұлғалар туралы мәліметтерді береді:
Toggle Dropdown
1) қатысушылар;
Toggle Dropdown
2) қатысушы не бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрған, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
3) атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелері;
Toggle Dropdown
4) осы тармақтың 1), 5)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелері;
Toggle Dropdown
5) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
6) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,
Toggle Dropdown
7) оларға қатысты бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,
Toggle Dropdown
8) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
9) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен шартпен байланысты тұлғалар туралы, шартқа сәйкес олар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар;
Toggle Dropdown
10) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның жарғылық капиталында қатысу үлесінің он және одан астам пайызына иелік ететін қатысушылармен шартпен байланысты тұлғалар туралы, шартқа сәйкес олар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қызметіне қатысты осы қатысушы қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар.
Toggle Dropdown
3-тарау. Уәкiлеттi органның есептi қарау тәртiбi
Toggle Dropdown
5-6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. Есеп бойынша лер бар болса, уәкiлетті орган уәкiлетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымға олар жөнiнде жазбаша хабарлайды және анықталған кемшiлiктердi жою қажеттiлiгiн және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еместiгiн көрсетедi. Уәкiлеттi органның лерiн ескере отырып түзетiлген есеп лердiң бар екендiгi туралы хабарламаны тiркеушi алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей уәкiлеттi органға қайтадан ұсынылады.
Toggle Dropdown
8. Уәкiлеттi орган есептi қарау барысында есепте көрсетiлген ақпаратты тексеру үшiн бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымнан қажеттi мәлiметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
Toggle Dropdown
9. Есептi бермегенi, есеп бойынша жасалған лердi жоймағаны үшiн немесе уәкiлеттi орган есептi қарау барысында нақты емес мәлiметтер анықтаса, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
бағалы қағаздар нарығында