• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы N 230 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5879 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Қаржы ұйымдарының есептілікті ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.07.2012 жылғы № 224 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 24.02.2012 жылғы № 85 Қаулысымен (02.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережеде:
"2. Инвестициялық портфельді басқарушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қағаз және электронды тасымалдағышта есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын мыналарға:
өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін Клиенттер (активтері инвестициялық басқарудағы әр клиенттер бөлігінде) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереженің 1, 2 (1, 2-нысандарды), 3-қосымшаларына сәйкес;
есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (3, 4, 5-насандарды) сәйкес есепті береді.";
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығы мен қаржы
 ұйымдарын реттеу және
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2009 жылғы 2 қарашадағы
 N 230 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.07.2012 жылғы № 224 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығы мен қаржы
 ұйымдарын реттеу және
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2009 жылғы 2 қарашадағы
 N 230 қаулысына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 24.02.2012 жылғы № 85 Қаулысымен (02.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығы мен қаржы
 ұйымдарын реттеу және
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2009 жылғы 2 қарашадағы
 N 230 қаулысына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 24.02.2012 жылғы № 85 Қаулысымен (02.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығы мен қаржы
 ұйымдарын реттеу және
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2009 жылғы 2 қарашадағы
 N 230 қаулысына 4-қосымша
"Клиенттер мен инвестициялық
 портфельді басқарушылардың
 меншікті активтерін
 инвестициялау туралы
 жасалған мәмілелердің
 есебін ұсыну жөніндегі
 ережеге 2-қосымша
 (инвестициялық портфельді басқарушының атауы ілік септігінде)
 меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есебі
1-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар 
 
N Мәмілежасалған
күн

Брокердің/
дилердің
атауы
Қызмет ақысы Мәміле
түрі
Нарық2 Бағалықағаздың
түрі және
оның эмитентінің
атауы3
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі
Брокер-дилердің Банктің Биржаның

1 2 3 4 5 61 72 83 9
 
Номиналдық құн валютасы (орналастыру бағалары)4 Бір бағалы қағаздың номиналдық құны (орналастыру бағасы) Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы) Төлемвалютасы4 Бір бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы Бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы5 Бағалы
қағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)6
Мәміле сомасы








      1 Мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу және басқалар) көрсетіледі.
      2 Сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
      3 Эмитенттің атауы және бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
      4 Валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      5 Сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
      6 Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілесін жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
      7 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен мәмілені орындаумен байланысты, шығыстарды ескерусіз сома көрсетіледі.
2-нысан. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар 
 
N Ақша аударылатын күн1 Банктің
атауы
Салым бойынша операциялар2 Банктіксалым шартының жасалған күні және нөмірі Салым мерзімі (күнмен) Сыйақы
ставкасы
(жылдық пайызбен)
Салым валютасы Салым
сомасы3









      1  Салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа инвестициялық шоттан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
      2  Салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
      3  Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен жиналған сыйақыны ескеріп, сома көрсетіледі.
3-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған бағалы қағаздар
 
N Мәмілежасалған
күн

Брокердің/
дилердің
атауы
Қызмет ақысы Мәміле
түрі1
Нарық2 Бағалықағаздың
түрі және
оның эмитентінің
атауы3
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі
Брокер-дилердің Банктің Биржаның










 
Номиналдық құн валютасы (орналастыру бағалары)4 Бір бағалы қағаздың номиналдық құны (орналастыру бағасы) Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы) Төлемвалютасы4 Бір бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы5 Бағалықағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)6 Мәміле сомасы Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер
Атауы Қызмет түрі Орналасқан орны








      1 Мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу) көрсетіледі.
      2 Сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
      3 Эмитенттің атауы және бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
      4 Валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      5 Сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
      6 Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың  сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілесін жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
      7 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен мәмілені жасасумен байланысты, шығыстарды ескерусіз сома көрсетіледі.
4-нысан. Кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар
 
N Ақша аудары
латын күн1
Банктің
атауы
Салым бойынша операциялар2 Банктіксалымшартының жасалған күні және нөмірі Салым мерзімі (күн мен) Сыйақыставкасы (жылдық пайызбен Салымвалютасы Салымсомасы3 Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер
Атауы Қызмет түрі Орналасқан орны












      1  Салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа инвестициялық шоттан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
      2  Салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
      3  Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен жиналған сыйақыны ескеріп, сома көрсетіледі.
5-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған өзге мүлік1 
 
N Мүліктің түрі мен қысқаша сипаттамасы Сатып алу күні Мүліктің орналасқан орны Сатып алу құны Сатып алу мақсаты Соңғы қайта бағалауды жүргізу күні күні Жүргізілген қайта бағалауға сәйкес құны Есептік күніндегі ағымдағы (баланстық) құны Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер
Атауы Қызмет түрі Орналасқан орны













      1 Меншігіндегі немесе тұрақты жерді пайдалану құқығындағы жер;
1, 2-нысандар есептік кезең (ай) бойынша толтырылады, 3, 4, 5-нысандар қолданыстағы шарттар негізінде есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша толтырылады."
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығы мен қаржы
 ұйымдарын реттеу және
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2009 жылғы 2 қарашадағы
 N 230 қаулысына 5-қосымша
"Клиенттер мен инвестициялық
 портфельді басқарушылардың
 меншікті активтерін
 инвестициялау туралы
 жасалған мәмілелердің
 есебін ұсыну жөніндегі
 ережеге 3-қосымша
 ____________ ________________ аралығындағы (клиенттің атауы ілік септігінде) (инвестициялық портфельді басқарушының атауы ілік септігінде) клиенттердің активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есебі 
 
N Мәмілежасалған күн1 Брокердің/дилердің атауы Туынды қаржы құралының түрі2 Нарық3 Базалық актив және оның рейтингі4 Мәміле талаптарын сипаттау Хиджерлеу объекті5 Инвестициялық шешімнің нөмірі мен күні6 Клиенттің атауы7











Клиенттердің активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға лер:
      1  "Күні/айы/жылы" форматында мәміле жасалған күні көрсетіледі.
      2  Туынды қаржы құралының түрі көрсетіледі (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
      3  Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және "қор биржасының атауы/елі" форматында оның резиденттік елі не мәміле "ұйымдастырылмаған нарық" форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетіледі.
      4  Туынды қаржы құралының базалық активі (бағалы қағаздың және оның эмитентінің атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және өзге базалық активтер) және "базалық актив/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында рейтингтік агенттік берген (бар болса) базалық активінің рейтингі көрсетіледі. Егер базалық активте рейтингтер болмаса, онда базалық актив көрсетіледі және "базалық актив/рейтингі жоқ" форматында рейтингтің жоқтығы аталады.
      5  Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалса, "иә/ хеджирлеу объектісінің деректемелері" деген форматта "иә" деген сөз және хеджирлеу объектісінің деректемелері (бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, мөлшері, валютасы) көрсетіледі. Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалмаса "жоқ" деген сөз көрсетіледі.
      6  Инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны туралы инвестициялық шешімді қабылдау нөмірі мен күні көрсетіледі.
      7  Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша мәмілелер жасаған жағдайда толтырылады."