Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 9 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6099 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 21.09.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
1
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 ақпандағы № 9 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Агенттік Басқармасының «Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3700 тіркелген):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережесінде:
Toggle Dropdown
2-тармақтың екінші абзацы «3» деген цифрдан кейін «, 4» деген тыныс белгісімен және цифрмен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне 4-қосымша
Toggle Dropdown
___________ бастап __________________ кезең аралығында
__________________________________________________________
(инвестициялық портфельді басқарушының ілік септіктегі атауы)
клиент активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы
ЕСЕБІ
Toggle Dropdown
№ | Активтердің түрі (СА/КА)1 | Клиенттің атауы | Клиенттің аффилиирленгендігінің белгісі2 | Мәмілені жасасу күні3 | Нарық4 | Мәміле түрі5 | Мәміле бойынша қарсы серіктестің атауы6 | Қарсы әріптестің аффилиирленгендігінің белгісі7 |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Қаржы құралының параметрлері |
Қаржы құралының түрі | Қаржы құралын шығарған (ұсынған) эмитенттің атауы | Ұлттық сәйкестендіру нөмірі8 | Бір бірлігінің бағасы 8 | Мәміленің көлемі 8 (дана) | Мәміле сомасы9 (теңге) | Банктік салым шартының аяқталу күні | |
Toggle Dropdown
Аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға
Toggle Dropdown
* Тәуекелді инвестициялаудың жабық инвестициялық пай қорларына қатысты толтырылады және уәкілетті органға беріледі.
Toggle Dropdown
1 Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті немесе клиент активтері көрсетіледі. Егер мәміле клиент активтері есебінен жасалған жағдайда, 2 және 3-бағаналар толтырылады.
Toggle Dropdown
2 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес клиент инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3 «Күні/айы/жылы» форматында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елі» форматында оның резиденттік елі не мәміле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны не «халықаралық нарықта» жасалғаны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5 Мәміленің түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, «репо» ашылу және жабылу операциясы, банктік салым шартын жасасу және өзге мәмілелер). «Репо» операциялары бойынша сонымен қатар «репо» операцияларының түрі көрсетіледі: тікелей немесе кері «репо». Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша «» деген бағанада мәмілені жасау әдісі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болған (брокер мүддесінде әрекет еткен тұлғаны көрсетіп) жағдайда, «В» символы қолданылады және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болған жағдайда "D" символы қолданылады. Банктік салым ашылған жағдайда, банктің атауы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес қарсы серіктес инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8 8, 9 және 10-бағаналар сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы бойынша мәмілелер үшін толтырылады.
Toggle Dropdown
9 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей (сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы және өзге), жиналған сыйақыны ескеріп (банктік салымды ашу), үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, сома көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10 «Күні/айы/жылы» форматында банктік салым шартының аяқталу күні көрсетіледі.».