1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
Отправить по почте
Осы редакция 14.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 Қаулысы
Индустриялық-инновациялық саясат саласындағы қызметті жандандыру және мемлекеттік органдардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесінің құрамы;
2) Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже
Осы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Үйлестіру кеңесі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік даму институттарының, салалық кәсіпкерлер бірлестіктерінің және тәуелсіз сарапшылардың үдемелі индустриялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
1) дамуы елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты кіші салалары мен секторларын айқындау;
2) басым бағыттар шеңберінде нақты кіші салалар бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу;
3) ел экономикасын қамтамасыз ету үшін іске асыру қажет үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясат іс-шаралары;
4) Үйлестіру кеңесінің орталық және өңірлік салалық жұмыс топтарының қызметін үйлестіруі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
6. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мыналарға:
1) үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясатты іске асыруға тікелей немесе жанама әсер ететін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыруға тұжырымдамалық көзқарастарға;
2) мемлекеттік даму институттарының, холдингтердің келісілген инвестициялық саясатын қамтамасыз етуге, олардың арасында ақпаратпен тиімді алмасу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруға;
3) инвестициялық ахуалды жетілдіруге және ел экономикасының шикізатқа қатысты емес секторына тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға;
4) үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөнінде 5 жылдық мемлекеттік бағдарламалық құжат әзірлеуге;
5) өнеркәсіптің түйінді және сервистік салаларын дамытуға, сондай-ақ оларды іріктеу жөнінде әдіснама әзірлеуге;
6) Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемаларын әзірлеу мен бекітуге;
7) бизнес-бастамалар мен инвестициялық жобаларды тексеруге;
8) инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.
3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
7. Үйлестіру кеңесінің өз құзыреті шегінде:
1) үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды іске асыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды және нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша жасалған жұмыс туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізуге;
2) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға;
3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
4) салалық жұмыс топтарын құруға;
5) Үйлестіру кеңесі отырыстарының хаттамаларын бекітуге;
6) Үйлестіру кеңесінің, салалық жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;
7) өз қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарын құруға;
8) жергілікті үйлестіру кеңестеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.02.2010 № 133 Қаулысымен. (09.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Жұмысты ұйымдастыру
8. Үйлестіру кеңесін төраға - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары атқарады.
9. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады.
10. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Үйлестіру кеңесі жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы:
1) күн тәртібін қалыптастырады;
2) Үйлестіру кеңесінде қарауға арналған ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады. Үйлестіру кеңесінің қарауына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізетін ұсыныстарды қалыптастырады;