• Мое избранное
Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 133 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 мамырда № 7662 тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Осы Қаулы 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне және 72-1-бабы 3-тармағының сегізінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 тіркелген).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк 
Төрағасы                                   Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 26 наурыздағы
 № 133 қаулысымен бекітілген
Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерiктi түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметiнің ерекшеліктері
Ерекшеліктер өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ерекшеліктер өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ерекшеліктер өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ерекшеліктер жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерiктi түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметiнің ерекшеліктері (бұдан әрі – Тарату комиссиялары қызметiнің ерекшеліктері) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 67-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне және 72-1-бабы 3-тармағының сегізінші бөлігіне сәйкес әзірленді және өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) және қызметін ерiктi түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (бұдан әрі – қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы) тарату комиссияларының (бұдан әрі – тарату комиссиясы) қызметiн ұйымдастыру, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетін қалыптастыру мен қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жүргізу, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркiмен тарату (бұдан әрі – тарату) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерiктi түрде тоқтату (бұдан әрі – қызметін тоқтату) процесінің басталуы тарату комиссиясын құру күні болып саналады.
2. Тарату комиссиясын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган):
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркiмен таратуға;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерiктi түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей құрады.
Тарату комиссиясының құрамын өзгерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы жүзеге асырады.
2-тарау. Тарату комиссияларының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
3. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және тарату, қызметін тоқтату процесі аяқталғанға дейін:
1) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа да органдары мен лауазымды адамдарының өкілеттіктері, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін басқару және міндеттемелерін өтеу бойынша өкілеттіктері, олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атынан немесе есебінен жүзеге асыралатын іс-әрекеттердің оларды тарату комиссиясының төрағасы не осы әрекеттерді жасауға төраға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексте (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты берген тұлға жасаған кезде ғана заңды күші болады;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қатысты, мүліктік сипаттағы талаптарды тарату комиссиясы Тарату комиссиялары қызметiнің ерекшеліктеріне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қарайды.
4. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істер мен мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер өтеді.
Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істерін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша істер аяқтау үшін шаралар қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің акционерлермен есеп айырысуды қамтамасыз ету бөлігіндегі ережесі қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.
Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атынан және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде дербес іс-әрекет жасайды.
5. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады. Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындайтын орынбасары атқарады.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған кезде оларды таратуды жергілікті жерлерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) жүргізеді.
7. Бөлімшені тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалатын оның басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басқарады. Бөлімше басшысы өз қызметін оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады. Бөлімше басшысы мен бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.
8. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда, тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында айқындалады.
Жұмысқа қабылдау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
Тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әрбір қызметкерге арналған лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады.
9. Тарату комиссиясының төрағасы жедел басшылық жасауды жүзеге асырады, бөлімшелер басшыларының жұмысын және бөлімшелер қызметін бақылайды.
10. Тарату комиссиясы тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес тарату, қызметін тоқтату рәсімін жүзеге асырады.
11. Жұмыс жоспары жартыжылдыққа бөліне отырып, бір жылға жасалады және тарату комиссиясы құрылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде және жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынылады.
Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпаратты жарты жылдықтың қорытындылары бойынша уәкілетті органға ұсынады.
12. Кредиторлардың өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де тұлғалары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 3-тармағына сәйкес тарату комиссиясының құрамына енгізіледі.
13. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап:
1) бірінші жұмыс күні:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркiмен таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының тарату комиссиясын құру туралы шешімінің көшірмелерін көру үшін қолжетімді орынға орналастырады;
Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінің 47-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, кассаға ревизия жүргізеді, ақша қалдығын өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ағымдағы шотына есепке алады;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банктік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына (бұдан әрі – банк) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады;
2) 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшылығынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, электрондық ақпарат тасымалдағыштарды, бағдарламалық қамтылымды, бланкілерді және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басқа барлық құжатын құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілер жасай отырып талап етеді;
мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамдарын тарату, қызметін тоқтату туралы хабардар етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін иеліктен айыру жөніндегі, тарату комиссиясы жасамаған мәмілелерді тіркеуге, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;
3) 10 (он) жұмыс күні ішінде:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банк шоттарын салыстырып тексереді және оларды жабады, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының теңгедегі және (немесе) шетел валютасындағы ағымдағы шотын ашады;
орталық заң органының ресми баспа басылымдарында кредиторлардың шағым-талаптарын ұсыну тәртібін, мерзімдерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының өз талаптарын ұсыну мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, өз еркiмен тарату, қызметін тоқтату туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;