1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
Отправить по почте
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңы
Акттің нысаны өзгертілді, құжат мәтініндегі "Жарлықпен", "Жарлығымен", "Жарлықтың", "Жарлық", "Жарлықта" сөздері "Заңмен", "Заңымен", "Заңның", "Заң", "Заңда" сөздерімен ауыстырылды ҚР 11.06.2004 жылғы № 561 Заңы бойынша (21.05.2002 ж. редакцияны қараңыз) Осы Заң күшін жойды 10.03.2011 жылдан бастап ҚР 01.03.2011 жылғы № 413-IV Заңына сәйкес
Редакция 02.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-Тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар
1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;
2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:
1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;
2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.
3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.
1-бап өзгертілді ҚР 11.07.1997 № 154, 11.06.2004 № 561 Заңдарымен.
2-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты
1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:
1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;
2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
2-бап өзгертілді ҚР Президентiнiң 23.12.1995 № 2722 заң күші бар жарлығымен, 04.05.2001 № 185, 21.05.2002 № 323 Заңдарымен.
3-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге асыру
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды.
Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органдары) болып табылады.
2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiсті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкiмияты (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөліністің әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттік берген атқарушы орган (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
3-бап өзгертілді ҚР Президентiнiң 23.12.1995 № 2722 заң күші бар жарлығымен, ҚР 11.07.1997 № 154, 21.05.2002 № 323 Заңдарымен.
4-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды құру
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.
3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.
Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.
4. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.
4-бап өзгертілді ҚР 11.07.1997 № 154, 21.05.2002 № 323, 25.12.2008 № 113-IV Заңдарымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу және қайта тiркеу
1. Мемлекеттiк кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады.
6-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысы
1. Жарғы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi, кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртiбi, кәсiпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
6-бап өзгертілді ҚР 21.05.2002 № 323 Заңымен. (04.05.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
7-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауы
1. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттiк меншiктiң қай түрiне (республикалық немесе коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуi керек.
Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуi тиiс.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және фирмалық атауы бар мөрi болады.
8-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты
1. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсатын, мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) айқындайды, бұл кәсiпорынның жарғысында бекiтiледi және шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 18-бабының талаптарына, ал қазыналық кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес келуi керек.
Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.
2. Мемлекеттік кәсіпорынға өз Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады.
3. Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет мақсатына қайшы жасаған мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның құрылтайшысының (уәкiлдi органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы мүмкiн.
Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады.
8-бап өзгертілді ҚР 04.10.1999 № 469, 04.05.2001 № 185, 21.05.2002 № 323 Заңымен.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |