«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 10 мамырдағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымда № 7028 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 09.10.2011 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрінің 29.09.2012 № 654 бұйрығына сәйкес
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы А. Бектұров
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 10 маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
§ 1. Кіріспе
1. Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) темір жол көлігін пайдаланудың негізгі тәртібін және оларға қойылатын талаптардың қағидаттарын белгілейді.
2. Осы Қағида темір жол көлігінің барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін қажетті болып табылады.
3. Осы Қағиданы орындау темір жол көлігінің барлық буындары жұмысының үйлесімділігін, темір жол ұйымдарының нақты және толассыз жұмыс істеуін және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
§ 2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматты локомотив сигнал беру сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде (бұдан әрі - АЛСО) - аралықтағы поездар қозғалысы локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе;
2) ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) - түйіспе желісінің шектес учаскелерінің электр оқшауламасымен түйіндесуі (ток айырық). Оқшаулағыш түйіндесу электр жылжымалы құрамның ток қабылдағышы өткен кезде түйіндесетін учаскелер электрмен жалғасатындай етіп орындалады;
3) аз әрекетті учаскелер - жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс мөлшері тәулігіне 8 жұптан аспайтын учаскелер;
4) аралық - темір жол желісінің шектес станциялармен, разъездермен, озу пункттерімен немесе жол посттарымен шектелген бөлігі;
5) ауыр салмақты жүк поезы - локомотивтердің тиісті сериялары үшін салмағы қозғалыс кестесінде белгіленген осы поезд жүретін учаскедегі салмақ нормасынан 100 т және одан астам жүк поезы;
6) арнайы мақсаттағы жолдар - аралықтар мен станциялардағы сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтар және кірме жолдар.
7) арнайы жылжымалы құрам - темір жолмен жүретін алынбайтын жылжымалы бірліктер:
өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам, мотовоздар, дрезиналар, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдарды тасымалдау немесе темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізу үшін қажетті арнайы автомотрисалар, көлік режиміндегі тартым жетекті дербес қозғалтқышы бар темір жол-құрылыс машиналары;
өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам - көлік режиминдегі тартым жетегі жоқ темір жол-құрылыс машиналары, тіркемелер мен шаруашылық поездарына енгізілетін темір жолдардың құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тағайындалған басқа арнайы жылжымалы құрам;
8) алынатын жылжымалы бірліктер – электрлендірілген учаскелердегі алынатын дрезиналар, жөндеу мұнарасы, электрлендірілген учаскелердегі, жол вагондары, жол өлшегіш, ақау тапқыш және басқа арбашалар және оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер жолдан қолмен түсіріп алуы мүмкін жылжымалы бірліктер;
9) блок-учаске - автобұғаттау кезінде немесе сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал беруі кезінде станциялар арасындағы аралықтың өту бағдаршамдарымен (блок-учаскелердің шекараларымен) немесе өту бағдаршамымен (блок-учаскенің шекарасымен) және станциямен шектелген бөлігі;
10) бас жолдар - аралықтардың жолдары, сондай-ақ іргелес аралықтар жолдарының тікелей жалғасы болып табылатын және әдетте, бағыттамалы бұрмаларда ауытқуы жоқ станциялар жолдары;
11) бейтарап ендірме - екі ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) арасындағы қалыпты кернеуі жоқ түйіспелі аспаның учаскесі. Бейтарап ендірме электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштары өткен кезде түйіндесетін учаскелердің электр оқшаулауы қамтамасыз етілетіндей етіп орындалады;
12) біріктірілген жүк поезы - әрбір поездың басында жұмыс істеп тұрған екі немесе одан артық локомотиві бар жүк поездарынан құрастырылған поезд;
13) біріктірілген жолаушылар поезы - әр поездың басында жұмыс істеп тұрған локомотиві бар екі жолаушылар поезынан құрастырылған поезд;
14) бөлектенген пункт - темір жол желісін аралықтарға немесе блок-учаскелерге бөлетін пункт;
15) барынша тік еңіс - ұзындығы тежеу жолынан кем болмайтын ең тік еңіс (қисықтардың кедергісін ескергенде);
16) бағыттама - рамалық рельстен, үшкірлерден және бұру механизмінен тұратын бағыттамалы бұрманың бөлігі. Жылжымалы өзекшесі бар айқастырмасы болған кезде бағыттама ұғымына айқастырма да кіреді;
17) бағыттама посты - бағыттама постының бір кезекшісі қызмет көрсететін орталықтандырылмаған басқарудағы бір немесе бірнеше бағыттамалы бұрмалар;
18) бағыттамалық аудан - бағыттама постының бір кезекшісінің бақылауындағы шектес бағыттама посттар тобы;
19) бағыттамалы бұрма - жылжымалы құрамды бір жолдан екіншісіне бұру үшін қолданылатын құрылғы. Бағыттамалы бұрмалар бағыттамалардан, айқастырмалардан және олардың арасындағы жалғастыру жолдарынан тұрады. Айқастырмалар жылжымайтын немесе жылжымалы өзекшесімен болуы мүмкін;
20) сигнал - соның көмегімен белгілі бұйрық берілетін көзге көрінетін немесе дыбыстық шартты белгі;
21) сигналдық белгі - соның көмегімен қызметкерлердің белгілі санатына бұйрық немесе нұсқау берілетін көзге көрінетін шартты белгі. Сигналдық белгілерге шектік бағаншалар, станцияның шекарасын нұсқайтын белгілер, ысқырық беру, токты ажырату және қосу және т.б.;
22) дыбыстық хабаршы - алдын ала бағдарламаланған хабарлардың байланыс арналарына автоматты берілуін қамтамасыз ететін электронды құрылғы;
23) көлбеу – көлденең сызыққа көлбеулігі бар темір жол жолының бойлық профилінің элементі. Төменгі нүктеден жоғары қарай қозғалып келе жатқан поезд үшін өр, ал кері бағытта – еңіс деп аталады;
24) ерекше жол белгілері - темір жолға бөлінген алқаптың шекаралары, бағыттама нөмірінің көрсеткіші, жолаушылар ғимараты белдеуінің белгісі, желілік жол ғимараттарындағы белгілер, шеңберлі қисықтардың басы мен соңының, сондай-ақ өтпелі қисықтар басының, ортасы мен соңының, жер төсемінің жасырын құрылыстарының, сулардың ең жоғары көкжиегінің және толқынның ең жоғары биіктігінің реперлері;
25) жылжымалы құрамның габариті - түзу көлденең жолға қойылған, тиелген де, сондай-ақ бос та жылжымалы құрам сыртқа шықпай орналасуы тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;
26) жүк поезының индексі - барлық жүк поездарына оларды қалыптастыру станциясында берілетін, 10 цифрдан тұратын арнайы код. Алғашқы төрт цифр – поезды қалыптастыру станциясының бірыңғай желілік белгісі (БЖБ), келесі екеуі – осы станцияда қалыптастырылған құрамның реттік нөмірі, ал соңғы төртеуі - поезд тағайындалған станцияның БЖБ-сы;
27) жолаушылардың аялдама пункті - жол тарамдары жоқ, тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған аралықтағы пункт (бөлектенген пункт болып табылмайды);
28) жүк-жолаушылар поезы - жүктерді және жолаушыларды тасымалдауға тағайындалған жүк және жолаушылар вагондарынан аз әрекетті учаскелерде қалыптастырылады;
29) жолаушылар поезы - жолаушыларды, багажды және почтаны тасымалдауға арналған, жолаушылар вагондарынан құралған поезд. Қатынас түрлері бойынша жолаушылар поездары 700 км-ден артық қашықтыққа жүретін - алысқа қатынайтын, 700 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретін - жергілікті және 150 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретін – қала маңындағы болып бөлінеді;
30) жол белгісі - темір жол желілерінің профилі мен ұзындығының тұрақты көрсеткіш;
31) жол посты - жол тарамдары жоқ, темір жол желілеріндегі бөлектенген пункт (жартылай автоматты бұғаттау кезінде блок-пост, қос жолды ендірмесі бар дара жолды аралықтағы жанасу постты, торап алдындағы пост және т. б.);
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |