Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 қаулысы
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "ұлттық компанияның" деген сөздер "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын, "орта мерзiмдiк жоспарын" деген сөздерден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын.