Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда № 6971 тіркелді
Редакция 12.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы регламенттерді халыққа қызмет көрсетілетін жерлерде қабылдауға ыңғайлы форматта орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi