Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

"Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 468-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8278 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6971 тіркелген, 2011 жылғы 15 маусымдағы № 83, 2011 жылғы 16 маусымдағы № 84, 2011 жылғы 17 маусымдағы № 85 «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті».
2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.Ә. Қайырбекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бекітілген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Әбденов
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 468-ө-м бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 1-қосымша
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдері) – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай жұмыс стажы бар жеке тұлғаларға, еңбек стажына барабар жүзеге асырылатын ақша төлемi;
2) зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – департаменттер) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары;
3) ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;
5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры.
3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аумақтық бөлімшелері көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының;
2) «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының;
3) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті мекенжайы мемлекеттік қызмет Стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшелерінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
10. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) Орталықтың бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады;
2) Орталықтың филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен электрондық іс макеті мен шешім жобасын қарайды, есептің және шешімнің ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
3) департамент бес жұмыс күні ішінде электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Департаменттің маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;
4) Орталықтың бөлімшесі департаменттің ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін іске нөмір бере отырып, журналға ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тиісті жазбаларды жазады. Орталықтың маманы департаменттің ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін алушының ісіне тігеді. Департамент ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Орталық бөлімшесі өтініш берушіге ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |