Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 233 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.05.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007 жылғы 27 наурыздағы N 233 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi, төраға
Сабдалин - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы жағдайлар вице-министрi, төрағаның орынбасары
Әрiпханов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Айдар Әбдiразақұлы және халықты әлеуметтік қорғау вице-
министрi
Омаров - Қазақстан Республикасының
Қадыр Тоқтамысұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрi
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрi
Мәшкеев - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Батырбек Әукенұлы сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң төрағасы көрсетiлген құрамнан Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Қуандықов Болатбек Баянұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Пак Лариса Юн-Боевна, Ақанов Айқан Ақанұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы, Yмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы шығарылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1239 Қаулысымен. (12.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.11.2008 № 1048 Қаулысымен. (27.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
6. "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы N 764 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi, төраға
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, төрағаның орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрi көрсетiлген кұрамнан Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы шығарылсын.