• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 07.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 943 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесi бекiтiлсiн.
2. "Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 910 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 369-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру" деген сөздер алынып тасталсын; 
кiрiспесiндегi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына және" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiнде: 
тақырыбындағы "және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру" деген сөздер алынып тасталсын;