Bestprofi Logo

Қаулы № 390 от 1998-04-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015 г.

Документ на казахском языке

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 390 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.05.2000 жылғы № 671 Қаулысымен

2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж., N 19, 164-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

2-тармақтағы "мен оның дербес құрамы" деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы ережеде:

"5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы комиссияның төрағасы болып табылады (лауазымы бойынша)";

6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание