Toggle Dropdown
3
Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 маусымда № 7021 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 09.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Қилыбай Н.И.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Toggle Dropdown
Министр Б. Камалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 291 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
3
Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің 2015 жылғы 30 ақпандағы № 544 бұйрығымен бекітілген Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларында (бұдан әрі – Техникалық пайдалану қағидалары) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулығында (бұдан әрі – Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық) көзделген негізгі ережелеріне сәйкес Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық).
Toggle Dropdown
1) станциялардағы әр түрлі сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары (бұдан әрі – СОБ) және поездардың қозғалысы кезінде сигнал беру және байланыс құралдары кезінде поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу;
Toggle Dropdown
2) темір жолдарда және құрылыстарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жағдайында поездарды қабылдау және жөнелту;
Toggle Dropdown
3) станцияларда маневрлер жүргізу;
Toggle Dropdown
4) поездарға лер беру;
Toggle Dropdown
5) поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін регламенттейтін басқа да ережелер.
Toggle Dropdown
2. Әрбір станция мен жол посты поездар қозғалысына басшылық жасау бөлігінде және әрбір поезд бір мезгілде тек бір қызметкердің: станция немесе жол посты – станция бойынша кезекшінің, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поездық диспетчердің, поезд – жетекші локомотив (моторвагонды поезд), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисінің билігінде болады.
Toggle Dropdown
Әрбір станция мен жол постында поездарды қабылдауда, жөнелту мен өткізуде тек бір қызметкер – станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – поездық диспетчер ғана иелік етеді.
Toggle Dropdown
Станцияларда жолдың дамуына қарай станция, орталықтандыру посттары немесе парктер бойынша бірнеше кезекші болады, олардың әрқайсысы өзінің жұмыс ауданы шектерінде поездар қозғалысын жеке басқарады немесе белгілі бір операцияларды орындайды. Әрбір станция, орталықтандыру посттары немесе парктер бойынша кезекшінің поездар қозғалысымен байланысты басқару аудандарын және осы қызметкерлердің міндеттерін шектеу станцияның техникалық - өкімдік актісінде (бұдан әрі – станцияның техникалық - өкімдік актісі) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі барлық өкімдер осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген сөйлесу нысаны бойынша беріледі. Өкім берген қызметкер әрбір ретте өкімнің қысқаша қайталануын тыңдайды және оның дұрыс түсінілгеніне, ал кейіннен оның орындалуының дұрыстығына көз жеткізеді (бақылау аспаптарының көрсеткіштері, орындаушының радиобайланысы, парктік байланысы бойынша немесе жеке баяндамасы бойынша).
Toggle Dropdown
Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргізу кезіндегі барлық операциялар, Техникалық пайдалану қағидалары, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, осы Нұсқаулықты және станцияның техникалық - өкімдік актісі нақты, дәл орындаумен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Адамдардың өмірі, темір жол көлігінің материалдық-техникалық құралдары мен құрылыстарының сақталуы үшін қауіп төндіретін экстремалдық жағдайлар туындаған жағдайдағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс Техникалық пайдалану қағидалары, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, осы Нұсқаулық бойынша анықталады.
Toggle Dropdown
5. Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау аспаптарын басқаруды, бағдаршамдарды ашу мен жабуды:
Toggle Dropdown
станцияда – станция бойынша кезекші немесе оның өкімі бойынша орталықтандырудың станциялық постысының операторы, бағыттамалық постының кезекшісі;
Toggle Dropdown
жол постында – посты бойынша кезекшінің міндетін атқарушы станция бойынша кезекші;
Toggle Dropdown
диспетчерлік орталықтандыру кезінде - поездық диспетчер жүргізеді.
Toggle Dropdown
6. Егер поезд станциядан шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде немесе шығу бағдаршамы жоқ жолдардан жөнелтілсе аралықты иеленуге рұқсатты (егер ол радиобайланыс арқылы берілмесе) жетекші локомотивтің машинисіне станция бойынша кезекші жеке тапсырады немесе поездар қозғалысымен байланысты станциялық қызметкерлердің біреуі арқылы беріледі, ол станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Машинист берілген рұқсаттың поезд нөміріне және аралыққа сәйкес келетіндігіне көз жеткізеді.
Toggle Dropdown
7. Сигналдың тыйым салушы көрсеткіші кезінде поезды қабылдау немесе жөнелту туралы бұйрықты станция бойынша кезекші машиниске радиобайланыс арқылы береді, мұндай бұйрықтың мәтіні осы Нұсқаулықтың 38, 39-тармақтарында келтірілген белгіленген нысандарға сәйкес келеді.
Toggle Dropdown
Барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің бұйрығының мәтінін поезд машинисіне радиобайланыс арқылы берер алдында бұйрықтың нөмірі көрсетіледі. Машинист бұйрық мәтінін толық қайталайды, ал станция бойынша кезекші оның сөздерін қабылдаудың дұрыстығын «Дұрыс, орындаңыз» сөздерімен растайды және машинистке бұйрықтың берілу уақытын (сағаты, минуты) көрсетеді.
Toggle Dropdown
8. Кіру, маршруттық немесе шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіштері кезінде поездарды қабылдау немесе жөнелту жағдайларында ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында поезд нөміріне қарсы («лер» бағанында) мынадай белгі жасалады: «PC» (радиобайланыс бойынша), «ПС» (шақыру сигналы бойынша), «ПР» (жазбаша рұқсат бойынша). «PC» белгісінде бұдан басқа бұйрықтың нөмірі және оны машинистке беру уақыты, сондай-ақ бағдаршамның литері (немесе шығу бағдаршамы жоқ жөнелту жолының нөмірі) көрсетіледі. Мысалы: РС N 1.12 - 00 Ч2». ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында бұйрық мәтінін жазу талап етілмейді.
Toggle Dropdown
Машинистке берілетін бұйрықтарды құжаттамалық тіркеу жүйесімен жабдықталған станцияларда бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіштері кезінде поездарды қабылдау және жөнелту туралы бұйрықтар электронды тасығышта да тіркеледі.
Toggle Dropdown
ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналындағы жоғарыда аталған белгі барлық жағдайларда міндетті.
Toggle Dropdown
1
9. Кіру, шығу (маршруттық) бағдаршамдарының тыйым салу көрсеткіштері кезінде поезды станцияға қабылдаудың немесе станциядан поездарды жөнелтудің барлық жағдайларында станция бойынша кезекші шақыру сигналының бастырмасын пайдаланар немесе машинистке тыйым салу сигналына өтуге тиісті рұқсат беру алдында басқару аспаптарын бағдаршамның тыйым салушы көрсеткішіне сәйкес келетін жағдайға келтіреді және станцияның техникалық - өкімдік актісіне сәйкес қабылдау жолының бостығына, маршруттағы бағыттамалардың орналасуы мен тұйықталуының дұрыстығына, ал поезды жөнелту кезінде бұдан басқа бірінші бұғат-учаскенің (автоматты бұғаттау кезінде) немесе аралықтың (жартылай автоматты бұғаттау кезінде) бостығына және бұғат-жүйенің қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырып қосылуына көз жеткізеді. Шақыру сигналының бастырмасын келуші немесе жөнелтілуші поездың жетекші локомотиві бағдаршамнан өткенге дейін басып тұру қажет.
Toggle Dropdown
10. Бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде поезды қабылдау немесе жөнелту кезінде оларға өтпенің жабылуы туралы хабарлама «өтпені жабу» бастырмасын басумен жүргізілетін бағыттамалық алқымдарда немесе алыстау учаскелерінде орналасқан өтпелері бар станцияларда станция бойынша кезекші поезды қабылдау немесе жөнелту алдында осы бастырманы басады, ал поезд өтпе арқылы өтіп кеткеннен кейін оны қайтару жағдайында «өтпені ашу». Мұндай станцияларда, бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде поезды қабылдау немесе жөнелтудің кез келген жағдайында машинистке өтпеге жақындағанда ерекше сақтықпен 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, егер одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүруі қажет. Мұндай станциялардың тізбесі Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен хабарланады.
Toggle Dropdown
Осы Нұсқаулықпен көзделген талаптарды қатысы бар қызметкерлердің күшті білуі мен нақты орындауы – поездар қозғалысы мен маневрлер жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.
Toggle Dropdown
11. Станция бойынша кезекші поезд келген (қайта оралған), жөнелтілген немесе жүріп өткен соң бұл туралы осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрші станция бойынша кезекшіге және поездық диспетчерге хабарлайды.
Toggle Dropdown
12. Поезда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі бекіткен Теміржолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында 1996 жылғы 5 сәуірдегі № 15 хаттама(бұдан әрі – Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі), аталған 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар) бар вагондар болған кезде хабарлау кезінде поездың нөміріне «ВМ» әріптері қосылады (мысалы, 2783ВМ). Поездың нөміріне тиісті әріптер мынадай поездар жөнелтілген және жүріп өткен жағдайларда қосылады: бір машинист қызмет көрсететін жолаушылар «М», ауыр салмақты жүк «Т», ұзын құрамды «Д», салмағы арттырылған «ПВ», ұзындығы арттырылған «ПД», біріктірілген «СП». Габаритті емес жүктері бар поездарды жөнелткен кезде поезд нөміріне «Н» әрпі мен «___» белгісінен кейін Жолтабаны 1520 мм теміржолдарда габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес габаритсіздіктің аймағы мен деңгейін сипаттайтын цифрлы индекс (мысалы, 2785Н-0430) қосылады.
Toggle Dropdown
1
13. Автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды учаскелерде дұрыс жолмен (қос жолды учаскелерде ешқандай рұқсат хатынсыз поездың өтуіне рұқсат етіледі) жүріп келе жатқан поездың келу уақыты көрші (артта қалған) станцияға берілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында поездың көрші алда орналасқан станцияға келу уақыты көрсетілмейді.
Toggle Dropdown
1
14. Қозғалысы қарқынды автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды учаскелерде станциядан станцияға поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламалар тек кестеден ауытқумен келе жатқан поездар туралы ғана, ал хабарламаларды поездық диспетчерге тапсыру учаскеде орналасқан станциялардың барлығында емес белгіленеді. Аталған тәртіп адамдарды тасымалдау үшін бейімделген жүк поездарына (бұдан әрі – адамдар поездары) және олардың нөмірлеріне тиісті әріптер немесе цифрлық индекс қосылатын поездарға тарамайды.
Toggle Dropdown
Поездық диспетчерге поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламаларды тапсырудың осындай тәртібі орындалған қозғалыстар кестелерін автоматты жазуға арналған құрылғылармен жабдықталған қос жолды және дара жолды учаскелерде белгіленеді. Мұндай учаскелердің тізбесі мен поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламаларды Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді. Әрбір поездың нақты келу, жөнелтілу немесе жүріп өту уақытын станция бойынша кезекші (станция бойынша кезекшінің жанындағы оператор) ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында белгіленеді, бұл ретте тиісті әріптермен немесе индекстермен толықтырылған поездар нөмірлері осы әріптермен және индекстермен журналға да жазылады.
Toggle Dropdown
15. Станция бойынша кезекші жолдардың, бағыттамалық бұрмалардың, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау (одан әрі – СОБ), байланыс құрылғыларының және түйіспелік желілердің ақаулықтарын анықтағанда (жеке немесе басқа қызметкерлердің баяндамалары бойынша) жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс құрылғыларын және түйіспелік желілерді ДУ-46 қарап тексеру журналында (бұдан әрі - ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында) бұл туралы жазба жасайды және тиісті жол, сигнал беру және байланыс дистанцияның құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметкерін (жол шеберін, СОБ және байланыс электр механиктерін) және кезекші инженерін (диспетчерін) тиісті жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтауды хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық құрылғылардың барлық ақаулықтары туралы станция бойынша кезекші бұдан басқа поездық диспетчерді хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Ақаулықтарды жою туралы тиісті қызметкер ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті белгі қояды, ол оның қолымен және станция бойынша кезекшінің қолымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Поездық радиостанцияда ақаулықтар пайда болған жағдайда локомотивтің (мотор вагонды поездың), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисі бұл туралы поездық диспетчерге немесе станция бойынша кезекшіге жақын бөлек пункттен немесе темір жол өткелінен хабарлайды (машинистің көмекшісі, жолаушылар поезының кондукторы, бастығы (жолаушылар поезының механик-бригадирі) және жолаушылар поезының локомотивіне бір машинист қызмет көрсеткен кезде онда локомотивті ағытпай поездық радиобайланысты айырбастау (жөндеу) жүргізілуі немесе локомотивті ауыстыру немесе қосалқы локомотив талап етілуі тиіс ең жақын станцияға дейін аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілерге берілетін поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүреді.
Toggle Dropdown
16. Аралықтарды немесе аралықтардың жекелеген жолдарын жабу және ашу, сондай-ақ сигнал беру және байланыстың бір құралдарынан екіншісіне өту поездық диспетчердің бұйрығымен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Байланыстың телефондық құралына өтер алдында аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілер басқару аспаптарын аралыққа шығуды қоршаушы шығу бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіштеріне сәйкес келетін жағдайға келтірулері тиіс.
Toggle Dropdown
Сигнал беру және байланыстың негізгі құралдарынан байланыстың телефондық құралдарына өту кезінде дара жолды аралықтарда, ал жолдардың біреуі бойынша екі жақты қозғалысты ұйымдастырған жағдайда қос жолды (көп жолды) аралықтарда да өту поездық диспетчердің бақылауымен поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүзеге асырылады. Поездық диспетчерлік байланыс ақаулы болған кезде станциялар бойынша кезекшілер осы Нұсқаулықтың 57, 59-тармақтарына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Toggle Dropdown
17. Станция бойынша кезекші кезекшілікке кірер алдында: