• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 01.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2004 жылғы 20 наурыздағы
 N 364 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының кейбiр шешімдеріне
 енгізілетін өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 306  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат): 
1, 2, 3, 5, 6-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын; 
4-тармақ алынып тасталсын.
2.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен)
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасының Ақпаратминистрлiгiне" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрлерi 224-8, 224-9, 224-10, 224-11, 224-12, 224-13, 224-14, 224-15-жолдар алынып тасталсын;