Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 840 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.07.2007. № 633 Қаулысымен. (11.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Ауыл кредит серіктестіктеріне кредит беруді жүзеге асыратын және ауыл кредит серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысатын акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы резервтік капитал толық қалыптасқанға дейін қоғамның жарғылық капиталынан 10 пайыз мөлшерде акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтерді төлеуден босатылады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы