Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
Редакция 16.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.02.2015 жылғы № 59 Қаулысымен (15.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 2015 жылы ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағында жарияланды, № 7, 33-құжат
2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген 1-санат бөлімінде:
«Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:» деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын:
«55. Этилдиэтаноламин;
56. О,О-диэтил-фосфоротиоат;
57. О,О-диэтил-фосфородитиоат;
58. Натрий гексафторосиликаты;
59. Метилфосфонотионды дихлорид.»;
«Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:» деген 1С351 бөлік мынадай мазмүндағы d, e, f тармақшаларымен толықтырылсын:
«d. WB1, WB2, WB3 түрлерінің бактериялары;
e. F1 Coccidiodes immitis және F2 Coccidiodes posadasii саңырауқұлақтары;
f. Генетикалық түрлендірілген ағзалар;»;
«Мыналар секілді жануарларға қауіпті патогендер:» деген 1С352 бөлік мынадай мазмұндағы с, d тармақшаларымен толықтырылсын:
«с. АВ2 mycoplasmacapricolum (штамм F38) бактериялары;
d. Тізімге қосылған микроағзалардың кез келгенінің патогендігіне байланысты нуклеин қышқылының тізбектерінен құралатын AG2 генетикалық түрлендірілген ағзалары.»;
«Мыналар секілді өсімдіктерге қауіпті патогендер:» деген 1С354 бөлік мынадай мазмұндағы d, е тармақшаларымен толықтырылсын:
«d. PV1 және PV2 вирустары;
e. Генетикалық түрлендірілген ағзалар.»;
«Материалдарды өңдеу» деген 2-санат бөлімінде:
«Мыналар секілді химиялық өндірістік қондырғылар мен жабдық:» деген 2В350 бөлік мынадай мазмұндағы k, l, m, n, о тармақшаларымен толықтырылсын:
«k. Реакциялык түтікшелер, реакторлар;
l. Сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар;
m. Жылу алмастырғыштар немесе конденсациялық аппараттар;
n. Ректификациялық немесе сіңіргіш бағаналар;
о. Қалпақшалар.»;
«Мына секілді биологиялық материалдарды өңдеуге арналған жабдық:» деген 2В352 бөлік мынадай мазмұндағы b, с, d, e тармақшаларымен толықтырылсын:
«b. Тозаңдату немесе ұсақ тамшы бүрку жүйелері және олардың құрамдауыштары;
с. Фазааралық поликонденсаторлар;
d. Фазалық бөлгіштер;
e. Кәдімгі үй-жайлар немесе турбулентті ауа ағыны бар үй-жайлар.».
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |