• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 18.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1133 Қаулысы
"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 қарашадағы
 N 1133 қаулысымен
 бекітілген
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу тәртібін айқындайды.