• Мое избранное
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1133 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.06.2015 жылғы № 4-5/575 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 қарашадағы
 N 1133 қаулысымен
 бекітілген
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылы № 184 (28123) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген мақта иесі, мақта қолхатында индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат; 
кепілдік берілген мақта көлемі - қайтару жөніндегі жауапкершілікке қор кепілдік беретін, әрбір қорға қатысушыға қор белгілейтін мақта көлемі; 
қорға қатысушы – қормен жасалған және қатысу шарты қолданылатын мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - қор немесе қорлар); 
қатысу шарты - қор мен мақта өңдеу ұйымы арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысады.
2. Қордың кепілдігін алу тәртібі
3. Қордың кепілдігін алу үшін мақта қолхатын ұстаушы қорға кепілдік алуға еркін нысанда өтінішін береді және оған мынадай құжаттарын қоса береді: 
1) кепілдік және қоймалық куәліктері бөлінбеген мақта қолхаты; 
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу және/немесе шитті мақтаны сақтауға жасалған шарттардың көшірмесі; 
3) қатысушының осы мақта қолхатын кепілдендірілген мақта көлеміне енгізу туралы қолдаухат бар ілеспе хаты. 
4) заңды тұлғалар заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшiрмесiн ұсынады;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылы № 184 (28123) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
5) жеке тұлғалар: 
мақта қолхатын ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (егер мақта қолхатын ұстаушы жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда) ұсынады; 
6) егер қорға заңды немесе жеке тұлғаның мақта қолхатын ұстаушының бірінші басшысы хабарласпаса, қорға хабарласуға құқық сенімхаты.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 № 613 Қаулысымен. (26.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Егер төменде санамаланған жағдайлардың біреуі орын алса, қор мақта қолхатын ұстаушыға кепілдік беруден бас тартады: 
1) мақта қолхатын ұстаушы хабарласқан қорға қатысушы болып табылмайтын мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын берсе; 
2) мақта қолхатын ұстаушы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаса; 
3) мақта қолхаты заңнамада белгіленген мақта қолхаттарына қойылатын талаптарға сәйкес келмесе.
5. Қордың кепілдік алудан бас тартуы мақта қолхатын ұстаушының осы Ереженің 4-тармағында көзделген жағдайларды жойғаннан кейін кепілдік алу үшін қайта хабарласуына кедергі болып табылмайды.
6. Қордың кепілдігін беру қор мен қорға қатысушы арасында жасалған қатысу шартына сәйкес қорға қатысушы үшін қор белгілеген кепілдік берілген мақта көлемінің шегінде мақта қолхатына уәкілетті тұлғаның қолымен және қордың мөртаңбасымен тиісті жазба жасау жолымен жүзеге асырылады.
7. Қордың кепілдік беру мерзімі қорға мақта қолхатын ұстаушылардан өтініштер келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.