"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, 2810 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк - багажды тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығына толықтыру және өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 22 қарашадағы N 363-І Бұйрығы. Қазақстанг Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 желтоқсандағы тіркелді. Тіркеу N 3964
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, 2810 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3069 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 470-І бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3286 нөмірмен) мынадай толықтыру және өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Тексерулер жүргізуге арналған нұсқама "Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2744 тіркелген) Шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық тексерулерін тіркеуге беру және ақпараттық есепке алу құжаттарын жүргізу туралы нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес болуы тиіс";
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 22 қарашадағы N 363-І бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесіне 2-қосымша
Тексеру жүргізуге арналған KZ N_________ НҰСҚАМА
20____жылғы "____"___________
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүретін жолаушылар
поездарына (барлық санаттарына) немесе жолаушылар тасымалдарының
шаруашылық жүргізуші субъектілеріне тексеру жүргізу үшін
(тексерілетін объектілердің астын сызу қажет)
___________________________________________________________________
(бақылаушы органның атауы)
___________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
_________________________________________________________ жібереді.
Журналда тіркелген күні ________________________ N_________________
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауы мен тұрған жері немесе
станцияның тексерілетін учаскелеріндегі жолаушылар поезының нөмірі
(қажет емесі сызылып тасталынсын) _________________________________
СТН _____________, тексеру түрі __________________________, тексеру
___________________________________________________________________
мәселелері ________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тексеру жүргізу мерзімі ___________________________________________
Тексеру жүргізу кезеңі ____________________________________________
Тексеру жүргізудің негізі _________________________________________
Осы нұсқама шаруашылық жүргізуші субъектілерді немесе жолаушылар
поездарын тексеруге құқық береді және оның Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитеті мен оның аумақтық органдарында тіркелгеннен кейін күші бар.
___________________________________________________ ___________
(уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |