• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 05.02.2015 күші жойылды

Отправить по почте

"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығымен бекітілген, № 2810 тіркелген "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 856 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8280 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бекітілген, 2810 тіркелген «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 тіркелген, 2004 жылғы 2 қазандағы "Официальная газета" № 40 (197) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
«1. Көрсетілген бұйрықпен «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
1
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, N 2810 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында»;
«1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» (бұдан әрі - Заң) 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңына сәйкес әзірленді.
«2. Қағидалар тасымалдаушылардың «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген қағидаларын сақтауға бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.»;
«3. Бақылау Заң талаптарына сәйкес көліктік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) жүзеге асырады.»;
«4. Лауазымды тұлғалар жол жүру құжаттарын сату, ресімдеу және қайта ресімдеу, багажды және жүк-багажын ресімдеу мен тасымалдау тәртібінің шарттарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.»;
«5. Тексерулер жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде:
1) жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан ақпарат пен мәліметтер сұрайды;
2) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастыру саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нұсқамалар береді;
3) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажы тасымалдарын ұйымдастыруды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізеді.»;
«2. Жолаушылар тасымалын бақылауды жүзеге асыру тәртібі»;
«1) Темір жол көлігі тасымалдаушыларының және ұйымдарының жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын сақтау;»;
«9) ішкі жабдықтың және алмалы-салмалы мүкәммалдың жай-күйі, жылыту, жарықтандыру, желдету және салқындату жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі;»;
«11) жолаушылардағы жол жүру құжаттарының (билеттердің), жолаушылар ұсынған жол жүру құжаттарының жол жүріп келе жатқан вагондардың санатына сәйкестігі;»;
«7. Жолаушылар поездарын тексеру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғамен бекітілетін осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің немесе оның аумақтық органының басшысы береді.».
«8. Лауазымды тұлғалардың жолаушы поездарына тексеру жүргізу тәртібі мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) жолаушылар поезын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондарды) тексеру алдында лауазымды тұлғалар қызметтік куәлігін және осы поезды тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді, бұл ретте жолаушы поезының бастығын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондардың қабылдаушы-тапсырушысын) тексерудің басталғаны туралы хабардар етеді;
2) поездардың жолаушы вагондарындағы жолаушылардың жол жүру құжаттарын тексеруді лауазымды тұлғалар поезд жөнелту және/немесе құрау станциясынан жүріп өткеннен кейін бастайды;
3) тексеру жолаушы поезының тексеріліп жатқан құрамының барлық вагондарында билетсіз жолаушының жүріп өтуін және рәсімделмеген багаж бен жүк-багажын алып жүруді болдырмау бөлігінде жүзеге асырылады;
4) жолаушылар вагондардың барлық үлгілерінде билетсіз жолаушылар анықталған кезде лауазымды адамдар осы қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша тексеру нәтижесі туралы акт жасайды;
5) тексеру барысында анықталған барлық бұзушылықтар поездың (вагонның) рейстік журналында бейнеленеді;
6) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының 245-тармағындағы талаптарына сәйкес жолаушыны көліктен түсіру бойынша шараларды қабылдайды.»;
«3. Багаж, жүк-багажы тасымалдарын бақылауды жүзеге асырудың тәртібі»;
«10. Жолаушы, багаж, почта-багаж және почта вагондарының жол жүруі кезінде багаж, жүк-багажы тасымалдарының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырғанда лауазымды тұлғалар:
1) тасымалданатын багаждың және жүк-багажының ілеспе құжаттарға сәйкестігін, сондай-ақ қауіпті заттар және багаж немесе почта-багаж вагонында тасымалдауға тыйым салынған заттар болып табылатын бұйымдардың бар болуын тексереді;
2) багаж, почта-багаж және почта вагонында бөгде (жүріп өтуге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде акт (1-қосымша ) жасайды, онда вагонды қабылдаушы-тапсырушының (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаның) деректері, анықталған билетсіз жолаушылар саны көрсетіледі, олардан айыппұл өндіріп алынады. Вагонды қабылдаушы-тапсырушының (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаны) билетсіз жолаушылар алып жүргені үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 479-бабының 3) немесе 4) тармақшаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады;
3) тиісті ресімдеусіз тасымалдауға қабылданған багажды және жүк-багажын анықтаған кезде анықталған бұзушылық туралы багаж немесе почта-багаж вагонының рейстік журналында жазу жазып, оны одан әрі ресімдеу үшін жақын арадағы темір жол станциясының багаж бөлімшесіне тапсыру жөнінде шаралар қабылдайды;
4) «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларын темір жол көлігі тасымалдаушылары мен ұйымдарының сақтауын тексереді.»;
«4. Арнайы вагондарды тексеруді жүзеге асыру тәртібі»;
«14. Қызметтік, қызметтік-техникалық вагондарды тексеру кезінде жолаушыларда жолаушы поезы құрамындағы вагонды пайдалану және оларда жол жүру құқығын белгілейтін құжаттардың бар болуы тексеріледі.
Вагонда бөгде (жол жүруге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде тексеру актісі жасалады. Вагонның жолсерігі де (не тасымалдау үшін жауапты тұлға) билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 479-бабының 3) немесе 4) тармақшаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады.»;
«17. Лауазымды адамдар жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау бұзушылықтарын анықтаған жағдайда:
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 бұйрығына 1-қосымша
«Жолаушыларды, багажды және
 жүк-багажды темір жол көлігімен
 тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2011 жылғы 14 шілдедегі
 № 799 қаулысымен бекітілген
 Қазақстан Республикасында
 темір жол көлігімен жолаушыларды,
 багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын
 тасымалдаушылардың сақтауын
 бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
 қағидаларына 1-қосымша
 нысан
«Бекітемін»
 Қазақстан Республикасының
 Көлік және коммуникация министрлігі
 Көліктік бақылау комитетінің
 басшысы
 ____________________________жолаушы поездарын
 тексерудің 20___жылғы ______ айына арналған
 Жоспар-кестесі
 
Іс-шараның атауы Тексеру күні Тексерушілердің Т.А.Ә. Тексеру нәтижелері

























Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 бұйрығына 2-қосымша
«Жолаушыларды, багажды және
 жүк-багажды темір жол көлігімен
 тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2011 жылғы 14 шілдедегі
 № 799 қаулысымен бекітілген
 Қазақстан Республикасында
 темір жол көлігімен жолаушыларды,
 багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын
 тасымалдаушылардың сақтауын
 бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
 қағидаларына 2-қосымша
 нысан
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүретін жолаушылар
поездарына (барлық санаттарына) немесе жолаушылар тасымалдарының
шаруашылық жүргізуші субъектілеріне тексеру жүргізу үшін
 (уәкілетті органның лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты)
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауы мен тұрған жері
немесе станцияның тексерілетін учаскелеріндегі жолаушылар поезының
 нөмірі (қажет емесі сызылып тасталынсын) ____________________________
 (бақылаушы орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты)         (қолы)
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 бұйрығына 3-қосымша
Жолаушыларды, багажды және
 жүк-багажды темір жол көлігімен
 тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2011 жылғы 14 шілдедегі
 № 799 қаулысымен бекітілген
 Қазақстан Республикасында
 темір жол көлігімен жолаушыларды,
 багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын
 тасымалдаушылардың сақтауын
 бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
 қағидаларына 3-қосымша
 нысан
 (тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты, куәлік № көрсетілсін)
 № _____________ жолаушы поезын (вагонын) тексеру барысында №
       (поезд бастығының және вагон жолсерігінің Т.А.Ә. және қолдары)