Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы N 214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 31 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6265 болып енгізілді
Редакция 20.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi бекiтiлсiн.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі м.а. 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5437 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы № 5-П бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5522 тіркелген).
3. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 214 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік
сыныптамасын жасау ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртiбiн айқындайды.
1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының құрылымы
2. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан әрi - Бюджеттік сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
3. Бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президентi Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының негізінде жасалады.
4. Бюджеттiк сыныптама мыналарды қамтиды:
бюджеттік түсімдер сыныптамасын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
сыныптамалық код - түсiмнiң әрбiр түрi, бюджет шығыстарының әрбiр түрлерi және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бiр сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекiтiлетiн цифрлық белгі (топтамалық код);
іс-әрекеттің аяқталу мерзiмi - ол басталған сәттен бастап тиiстi сыныптамалық код бойынша түсiмдердi есепке алу немесе шығыстарды қаржыландыру тоқтатылатын күн.
2-тарау. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы
6. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген салықтарды, төлемдердi және бюджетке түсетiн басқа да түсiмдердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
7. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:
түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады;
түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.
8. Түсiмдердiң әрбiр түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты белгілi коды болады.
9. Түсiмдердiң әрқилы түрлерi үшiн бiрдей алты белгіден тұратын кодтарды белгілеуге жол берiлмейдi.
10. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы мынадай негізгі санаттарды қамтиды:
2 - салықтық емес түсiмдер;
3 - негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
4 - трансферттерден түсетiн түсiмдер;
5 - бюджеттік кредиттерді өтеу;
6 - мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
8 – бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары.
11. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
3-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
12. Мемлекет функцияларының орындалуын, республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
13. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық iшкi топтар; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттік бағдарламалар және кiшi бағдарламалар.
14. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сәйкес келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.
15. Мемлекеттік басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:
01- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер;
03- Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi;