Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 желтоқсанда № 7324 тіркелді
Редакция 20.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 және 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 қаулыларын орындау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулық;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеу есебінен шыққан азаматтарын есепке алу ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығының (2011 жылғы 1 маусымдағы № 74-75 "Заң газеті" газетінде № 6758 басылып шыққан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми басылып шығуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 1 желтоқсаннан туындайтын құқықтық қатынастар қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 28 қарашадағы
№ 631 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулық
1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы ", "Халықтың көші-қоны туралы ", "Тұрғын үй қатынастары туралы ", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы " "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелерін реттейді.
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке басын куәландыратын мынадай құжаттар:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар иесінің қалауы бойынша мемлекеттік тілде немесе орыс тілдерінде, ал Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сонымен қатар ағылшын тілінде толтырылады. Паспортта ұлты туралы жазба азаматтың қалауы бойынша көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтардың қалауы бойынша, жасына қарамастан, жарамдылық мерзімі он жылға беріледі. Азаматтың өтініші бойынша паспорттың жарамдылық мерзімін облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ішкі істер департаменттері) паспорттың бос бетіне тиісті жазба жазыла отырып, 1-қосымшаға сәйкес мөртабан үлгісіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы паспортының жарамдылық мерзімін ұзарту туралы мөртабан қою арқылы азаматтың өтініш білдірген жері бойынша тағы бір жылға ұзартады, ол паспорттық елтаңбалы мөрмен бекітіледі және Ішкі істер департаментінің халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімі бастығының немесе оның міндетін атқаратын адамның қолымен расталады. Елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматы паспортының жарамдылық мерзімін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері ұзартады.
3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі жарамдылық мерзімі он жылға беріледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлігін жоғалтқан, одан әрі пайдалануға жарамсыз болған кезде және жеке басын куәландыратын құжаттары адамдарға олардың өтініші бойынша жеке басын куәландыратын жаңа құжаттар алғанға дейін 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша уақытша жеке куәлік жарамдылық мерзімі 3 айға дейін беріледі.
Уақытша жеке куәлік халықты құжаттандырудың және тіркеудің уәкілетті қызметкерінің қолымен түсінікті етіп, азаматтың қалауы бойынша - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады. Уақытша жеке куәлікке азамат туралы мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған жері және күні, ұлты (қалауы бойынша), тұрғылықты жерінің мекенжайы, берген орган және берілген күні, жарамдылық мерзімі, азаматтың қолы енгізіледі.
"Туған жері" деген жолда облыс (қала), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туғандар үшін - ел, ал "тұрғылықты" жері деген бағанда облыс, аудан және елді мекені көрсетіледі.
"Туған күні", "берілген күні", "дейін жарамды" деген жолдарда күні, айы, жылы араб цифрларымен көрсетіледі. Уақытша жеке куәлікті беру халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімі жауапты қызметкерінің қолымен және паспортты елтаңбалы мөрмен расталады.
"Берген орган" деген жолда тиісінше құжатты берген ішкі істер органының бөлінісі көрсетіледі.
Уақытша жеке куәлікке көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (бұдан әрі - см) иесінің фотосуреті жапсырылады, ол паспортты елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Уақытша куәлікті беру 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына берілген уақытша куәліктерді есепке алу журналында тіркеледі.
5. Жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ уақытша жеке куәліктерді бергені үшін Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау үшін формулярларды ресімдеу
6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке куәлігін дайындау үшін халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкер 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша формуляр толтырылады. Бұл ретте оны жеке басын сәйкестендіру және қолын қою үшін азаматтың жеке өзінің болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға формуляр олардың тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністерінде, ал осы тармақтың төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген жағдайларда - азаматтың жүрген жері бойынша толтырылады.
тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарда жазасын өтеп жатқан адамдарға;
мүгедектерге, әрекетке қабілетсіз және науқас адамдарға;
1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруға және олардың жоғалуы бойынша қалпына келтіруге өтініш білдірген азаматтарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар алуға алғаш рет өтініш білдірген адамдарға;
"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункттері (бұдан әрі - ХҚТ ТП) болмаған жағдайда;
ХҚТ ТП-мен байланыс арналары бұзылған немесе оның құрал-жабдықтары сынып қалған жағдайлар толтырылады.