• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2021 г

Отправить по почте

16

Объектіге және көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 731 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5899 болып енгізілді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 16 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 жылғы № ҚР ДСМ-35 Бұйрығына сәйкес   
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
1) "Санитарлық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 21 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 5-8, 911-құжат);
2) "Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 349 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2840 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 21-24, 937-құжат);
3) "Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 669 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5022 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 28 желтоқсанда N 197 (1400) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4
Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау министрінің
 2009 жылғы 18 қарашадағы
 N 731 бұйрығымен
 бекітілген
10
Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже санитариялық паспорт берудің, есепке алудың және жүргізудің тәртібін белгілейді.
2
2. Санитариялық паспорт - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды іске қосуға немесе пайдалануға құқық беретін құжат.
3. Санитариялық паспорт осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қызметі, пайдаланылуы, қолданылуы, және іске қосылуы адам денсаулығының жай-күйіне және қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін объектіге, сондай-ақ көлік құралына беріледі.
2
2. Объектіге санитариялық паспорт беру,
 есепке алу және жүргізу тәртібі
1
4. Объектіге санитариялық паспорт рәсімдеу үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес тиісті аумақтардағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) мемлекеттік немесе орыс тілінде еркін түрдегі өтініш береді.
1) объектіге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (түпнұсқаларды көрсету арқылы);
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі (бұдан әрі - акт) (бұрын берілген қорытынды және (немесе) акт болған жағдайда);
4) жұмыс қызметінің түріне сәйкес дайындалатын, өндірілетін, өткізілетін шикізаттар мен өнімдердің тізбесі;
5) объектінің жұмыс бағыты туралы мәліметтер қоса беріледі.
6. Санитариялық паспортты рәсімдеу кезінде объектіге аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдары актіні толтыра отырып, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары өз құзыреті шегінде олардың гигиеналық нормативтерге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізуге тиіс.
7. Акт толтыра отырып, объектіні тексеру және санитариялық паспорт беру дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
7-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.02.2011 № 89 бұйрығымен (18.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1
8. Объектіге санитариялық паспорт өтініш берушіге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшенің бланкісінде журналға тіркеу және тіркеу нөмірін беру арқылы қол қойылып, бір данада беріледі. Санитариялық паспорттың көшірмесі аумақтық бөлімшеде қалады.
9. Объектіге берілетін санитариялық паспорттың қолданылу мерзімі - оны аумақтық бөлімшеде тіркеген күннен бастап екі жыл.
Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты санитариялық паспорт аумақтық бөлімшеге тапсырылады және бұл ретте санитариялық паспорт беру тәртібі осы Ереженің 4 -8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Объектіге берілетін санитариялық паспортты аумақтық бөлімшеде тіркеу кезінде журналда және электрондық базада мына деректер көрсетіледі:
1) өтініш беруші туралы мәліметтер (дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес), мекен-жай деректері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - бар болған жағдайда);
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес өтініштерінің тіркелген күні;
6) жұмыс қызметінің түріне сәйкес дайындалатын, өндірілетін, өткізілетін шикізаттар мен өнімдердің атауы;
7) қорытынды берілген күні мен нөмірі, акт толтырылған күн;
1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда;
2) объектіні тексеру және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі жағдайында санитариялық паспорт берілмейді.
12. Объектіні қайта көшіру, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, технологиялық процестерді өзгерту кезінде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес аумақтық бөлімшеге жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын өтініш береді. Бұл ретте санитариялық паспорт беру осы Ереженің 4 -8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
14
3. Көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу тәртібі
13. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес адамдарды, тағам өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық - ауыз суды, химиялық, уытты және радиациялық заттарды коммерциялық және қоғамдық тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрлі көліктеріне, оның ішінде метрополитенге (бұдан әрі - көлік құралы) санитариялық паспорт беріледі.
14. Көлік құралына санитариялық паспортты рәсімдеу үшін кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын тұлғаны қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес аумақтық бөлімшеге мемлекеттік немесе орыс тілінде өтініш береді.
1) көлік құралына құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (түпнұсқаларды көрсету арқылы);
2) қорытынды және (немесе) акт (бұрын берілген қорытынды және (немесе) акт болған жағдайда);
3) халықтың декреттелген тобы үшін жеке медициналық кітапшалары;
5) көлік құралының жұмыс бағыты туралы мәліметтер (тасымалдау түрі) қоса беріледі.
16. Санитариялық паспортты рәсімдеу кезінде көлік құралына аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғалары акт толтыра отырып, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары өз құзыреті шегінде олардың гигиеналық нормативтерге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізуге тиіс. Санитариялық паспорт беру жеке және заңды тұлғаларға барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
16-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.02.2011 № 89 бұйрығымен (18.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
17. Көлік құралына санитариялық паспорт өтініш берушіге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшенің бланкісінде журналға тіркеу және тіркеу нөмірін беру арқылы қол қойылып, бір данада беріледі. Санитариялық паспорттың көшірмесі аумақтық бөлімшеде қалады.
18. Көлік құралына берілетін санитариялық паспорттың қолданылу мерзімі – оны аумақтық бөлімшеде тіркеген күннен бастап бір жыл.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін санитариялық паспорт аумақтық бөлімшеге тапсырылады және бұл ретте санитариялық паспорт беру тәртібі осы Ереженің 14 -17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Көлік құралына берілетін санитариялық паспортты аумақтық бөлімшеде тіркеу кезінде журналда және электрондық базада мына деректер көрсетіледі:
1) өтініш беруші туралы мәліметтер (дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес), мекенжай деректері, СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда);
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес өтініштерінің тіркелген күні;
3) көлік құралына құқық белгілейтін құжаттардың атаулары;
4) көлік құралының түрі, маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі;
7) қорытынды берілген күні мен нөмірі, акт толтырылған күн;
1) осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда;
2) көлік құралын тексеру және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі жағдайында санитариялық паспорт берілмейді.
21. Көлік құралымен тасымалданатын шикізаттың немесе өнімнің атауы өзгерген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес жұмыс басталғанға дейін аумақтық бөлімшеге бір ай бұрын өтініш береді және санитариялық паспорт беру осы Ереженің 14 -17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Санитариялық
 паспорт беру, есепке алу
 және жүргізу ережесіне
 1-қосымша
Санитариялық паспорт берілетін объектілер мен көлік құралдарының тізбесі
1. Санитариялық паспорт берілетін объектілер мен көлік құралдары:
2) ет өңдеу объектілері, оның ішінде мал шаруашылығы кешендері, қасапхана цехтары;
7) алкогольсіз өнімдер шығару жөніндегі объектілер (оның ішінде бөтелкедегі сусындар және ауыз су);
10) астықты сақтау, өңдеу және тасымалдау объектілері, оның ішінде нан қабылдау кәсіпорыны, элеваторлар;
11) крахмалды сірне өнімдерін, крахмал шығару жөніндегі объектілер;
14) йодталған және ас тұзын шығару жөніндегі өнеркәсіптік объектілер;
15) алкогольды өнімдерді шығару және сату жөніндегі объектілер;
16) тағам өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілері;
17) халыққа арнайы, емдік-профилактикалық, балаға арналған және диета тағамдарын шығару және сату жөніндегі объектілер;
18) қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде медицина ұйымдарының, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктары;
20) өнеркәсіптік тауарлардың көтерме және бөлшек сауда объектілері;
21) темір жол көлігіндегі мейрамхана вагондары, теңіз, өзен, әуе көлігіндегі борттық тамақтану цехтары;
22) тағамдық концентраттарды шығару жөніндегі объектілер;
23) жартылай фабрикаттарды, оның ішінде тоңазытылған және жылдам тоңазытылған фабрикаттарды шығару жөніндегі объектілер;
25) балалардың аз уақытқа болатын объектілері, бала тәрбиелеу немесе балаларды күту (бала бағу қызметі) объектілері, балаларды дамыту орталықтары;
29) ата-анасынан қараусыз қалған балаларға және жетім балаларға арналған балалар үйі;
31) балалардың сауықтыру объектілері, оның ішінде жыл бойғы және маусымдық;
33) балаларға арналған бос уақытты ұйымдастыру орталықтары;
34) балалар киімдерін, ойыншықтарын, балалар тұтынатын заттарды шығару және сату жөніндегі объектілер;
35) сумен жабдықтау көздері, оның ішінде жерасты, жерүсті;
40) халықтың уақытша тұратын объектілері (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар);
43) косметологиялық және косметикалық орталықтар, шаштараздар, сұлулық салондары;
46) санаторий-сауықтыру және санаторий-курорттық объектілер;
48) емдеу-өндірістік ұйымдары, сондай-ақ мүгедектерді қоса алғанда психиканың бұзылуынан (ауруынан) зардап шегіп жүрген осы ұйымдардағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін еңбек терапиясына және жаңа кәсіпке оқытуға арналған жеңілдетілген еңбек жағдайлары бар арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер;
50) мүгедектерді оңалтуға және бейімдеуге арналған орталықтар;
51) тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары;
52) елді мекен аумақтарын тазартумен айналысатын объектілер;
53) жарнама өнімдерін дайындау жөніндегі объектілер (оның ішінде жарықтанатын жарнама, билбордтар, банерлер, маңдайша жазулар);
54) тұрмыстық, өндірістік және медициналық қалдықтарды жинаумен, жоюмен, залалсыздандырумен және кәдеге жаратумен айналысатын объектілер;
55) бейіттер, салт-жора қызметтерін көрсету жөніндегі объектілер;
56) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
57) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
58) жедел жәрдем және санитариялық авиациялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
60) паллиативтік көмек және медбике күтімін көрсететін денсаулық сақтау объектілері;
61) қан қызметі саласын жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
62) мәйтханалар, патологиялық анатомия және сот медицина саласын жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
63) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
65) дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
66) АИТВ/ЖИТС профилактикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
69) халықты оқыту мен гигиеналық тәрбиелеуді жүзеге асыратын объектілері;
70) дәстүрлі және халық медицинасы саласында медициналық қызметті жүзеге асыратын медициналық орталықтар: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия, табиғаттан алынатын құралдармен емдеу және емшілік;
71) тіндер мен ағзаларды трансплантологиялау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
72) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау жөніндегі объектілері және медициналық техникалар;
73) диагностикалық зерттеулерді жүзеге асыратын медициналық объектілер;
74) дәріханалар, дәріханалық пункттер, жылжымалы дәріханалық пункттер;
76) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендері;
77) химиялық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, дезинфекциялық құралдар шығару жөніндегі объектілер;
78) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметін жүзеге асыратын объектілер;
79) ғимаратты пайдалану жөніндегі мекемелер, үйлерді басқаратын ұйымдардың және мекемелердің тұрғын үй бөлімдері, тұрғын үй иелерінің кооперативтері;
81) темір жол және автовокзалдар, метрополитен, әуежай, айлақ, санитариялық-карантиндік тұйықтар;
1
82) көлік құралдары (жолаушыларды, тамақ өнімдерін, өндірістік шикізатты, шаруашылық ауыз суды, радиоактивті, химиялық, уытты және радиоактивті заттар мен қалдықтарды коммерциялық және қоғамдық тасымалдау үшін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр көлігі, метрополитеннің жылжымалы құрамы) метрополитен;
83) темір жол, автомобиль, су және әуе көлігінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қызметін көрсететін объектілер;
85) әуе, жер үстіндегі химиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі объектілер;
87) полигондар, оның ішінде уытты өнеркәсіптік қалдықтар, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары;
88) кәріздік тазарту құрылыстары, сорғы станциялары, желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);
89) авто дәнекерлеу цехтары, май құю станциялары, отын шикізатын сақтау және сату жөніндегі объектілер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автомобиль жуатын орындар, су құятын машиналар;
90) металлолом қабылдау және сату пунктері, үй жануарларының терілерін қабылдау және өңдеу пункттері;
91) газ құю станциялары, оттегі баллондарын толтыру жөніндегі шеберханалар;
92) тұрмыстық және ұйымдастыру техникаларын сатуды және жөндеуді жүзеге асыратын объектілер;
97) физикалық, химиялық, радиологиялық, токсикологиялық зерттеулер жүргізетін зертханалар;
98) жеңіл өнеркәсіп объектілері, оның ішінде тігін және тоқыма шеберханасы, аяқ киім жөндеу шеберханалары;
Санитариялық паспорт беру,
 есепке алу және жүргізу
 ережесіне 2-қосымша
 нысан
       3. Объектінің атауы, қолданылу бағыты (Наименование, назначение объекта) _________________________________________________________
  дара кәсіпкерлердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты немесе
 отчество индивидуального предпринимателя или наименование
       5. Дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда) (РНН (БИН, ИИН - при наличии) индивидуального предпринимателя или юридического лица) ___________________________
       6. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының бар болуы, нөмірі, берілген күні (Наличие санитарно-эпидемиологического заключения, номер и дата выдачи) _________________________________
7. Санитариялық паспорт мына негізде берілді (Санитарный паспорт выдан на основании)
 __________________________________________________________________           қабылдау, тексеру актілерін, зертханалық зерттеулер нәтижелерін
және басқа да құжаттар көрсету арқылы (с указанием актов приемки,
обследований, результатов лабораторных исследований и других документов)
       8. Санитариялық паспорт берілген күн _____ жылғы "_____" ______ (Дата выдачи санитарного паспорта "___" ____ ____ года)
       9. Санитариялық паспорт ________ жылдың "___" _________ дейін жарамды (Санитарный паспорт действителен до "___"________ ____ года)
                                               (Место печати)  (Руководитель государственного органа                 Қолы (Подпись)
 санитарно-эпидемиологической службы)__________________________________________________________
Санитариялық паспорт беру,
 есепке алу және жүргізу
 ережесіне 3-қосымша
 нысан
      1. Көлік құралының түрі, атауы (Вид, наименование транспортного средства) _________________________________________________________
       5. Көлік құралының маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірі, қолданылу бағыты, тасымалдау түрі, тасымалданатын шикізаттың және өнімнің атауы (Назначение транспортного средства, вид перевозок, наименование перевозимого сырья и продукции, марки и государственный регистрационный номер) ____________________________________________ 
       6. Дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда) (РНН (БИН, ИИН - при наличии) индивидуального предпринимателя или юридического лица) ____________________________
       7. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының бар болуы, нөмірі, берілген күні (Наличие санитарно-эпидемиологического заключения, номер и дата выдачи) __________________________________
8. Санитариялық паспорт мына негізде берілді (Санитарный паспорт выдан на основании)
тексеру актілерін, зертханалық зерттеулер нәтижелерін және
басқа да құжаттар көрсету арқылы (с указанием актов проверки,
результатов лабораторных исследований и других документов)
       9. Санитариялық паспорт берілген күн ____ жылғы "_____" _____ (Дата выдачи санитарного паспорта "_____"________ _____ года)
                                                (Место печати)(Руководитель государственного органа                  Қолы (Подпись)
 санитарно-эпидемиологической службы)    ___________________________________________________________________