Toggle Dropdown
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 Қаулысы
Редакция 31.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
1880 қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасын қоса бере отырып, Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық ізгілік көмек берушімен дәрілік заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, медициналық ұйымдарға арналған жабдықтардың тізбесін шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ғана беріледі.
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi
8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу;
iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:
Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды;
алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi.
халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
III. Комиссияның құқықтары
iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;
iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;
лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге;
ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде
Үкіметке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
11. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
13. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысымен
мақұлданған
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.