Bestprofi Logo

Қаулы № 267 от 2004-03-03г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 Қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2017 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 267 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.";

2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

3-тармақтағы "келісімдерді, басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақтағы "және пайдаланумен" деген сөздер ", пайдаланумен және көрсетумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы "Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" және "оларға" деген сөздер тиісінше "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" және "оған" деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақтың екінші абзацы "шетелдік" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және" деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақтың екінші абзацы "халықаралық" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

"9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.";

10-тармақтағы "құқығы бар" деген сөздердің алдынан ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге";

көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов - Қазақстан Республикасының

Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға

Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік

Юрий Иванович және коммуникациялар бірінші вице-министрі

Болат Советұлы Индустрия және сауда вице-министрі

Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек

Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы

Лариса Юн-Боевна сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтік және медициналық өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары

Евниев - Қазақстан Республикасының Ауыл

Арман Қайратұлы шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры

Дүйсенбекова - Қазақстан Республикасының

Гүлжан Зайроллақызы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі Әкімшілік-қаржы департаментінің директоры

Байшолақов - Қазақстан Республикасының Әділет

Алмат Мұратұлы министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры;

Анатолий Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары" Александрович

Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаментінің директоры" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бірінші вице-

Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаментінің директоры, хатшы";

көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Жақыпов Қабиболла Қабенұлы, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание