Bestprofi Logo

Қаулы № 72 от 2002-01-21г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2017 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қаңтар N 72

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережеде:

2-тармақтағы "мемлекеттік комитеттерінің" деген сөздер алынып тасталсын;

5-тармақтағы "Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Айдарханов Арман Тергеуұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары;

Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары;

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі;

Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры;

Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары;

Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының бастығы;

Жұмабеков Болат Ахашбекұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кедендік кірістер бас басқармасының бастығы;

Кесікбаев Сұлтанғали Қабденұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры;

Ким Афанасий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілетті өкілі;

Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі;

Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;

Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі;

Мұстафина Сабила Сапарқызы - Қазақстан Республикасының Министрі

Хатшылығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Хатшылығының меңгерушісі;

көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын:

Дерновой А.Г., Велимухаметов М.М., Гамарник Г.Н., Мұхамеджанов Қ.С., Тоқсейітов Р.Қ., Шкляр В.В., Асқарова А.Б., Шалова С.А., Қасымова С.Б.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание